RU

Үйлену тойын дүйім жұртқа тікелей эфирде көрсететін Төреғалиді әріптестері сынап тастады

Алатаудың баурайында қатарынан бес күн концерт берген Төреғали мерекелік шоуды абыроймен атқарды. Әрдайым жаңашылдыққа жаны құмар жігіттің жанұясы енді дүбірлі тойға дайындалып жатыр. Бір қызығы, жас жұбайлардың қуанышы отандық арналардың бірінің тікелей эфирінде көрсетілетінін әншінің продюсері НТК арнасының "Ревю ньюс" бағдарламасына берген сұхбатын айтты.

"Тікелей эфир, анау әдемі безендірілген пресс-қабырға дейді. Соның жанында көрсетіп, сол айтатын сөздері, тікелей эфирге шығады деген мақсаттарымыз бар. Шығу керек негізі",- дейді әншінің продюсері Жан Мұқанов.

Төреғалидің тойында тартымды шоу жасауды жоспарлаған продюсер Жан Мұқанов бұл ақпаратты растап отыр. Алайда, жеке өмірін тікелей эфир арқылы дүйім жұртқа жария қылған Ұлы дала баласының бұл қадамына өнердегі кей әріптестері наразылық танытуда.

"Тікелей эфирде көрсету мен оны артық дүние деп ойлаймын. Сондықтан, әр нәрсенің өзінің орны болуы керек. Ол бір мемлекеттік дәрежелі дүние болсын тікелей эфир болса болатын еді. Бұл - әр адамның жеке өмірі",- дейді«Орда» тобының әншісі Дастан Оразбеков.

"Жеке өмір жеке өмір болып қалу керек негізі. Ол дұрыс айтады. Өзін пиар ету үшін, үйленіп жатқанын, ажырасып жатқанын шақырып көрсетемін десе, әркім өзінің қалауы бойынша жасайды бұл жерде", - дейді Шахизада.

"Бірақ, маған егерде тікелей эфирден тойыңды көрсетейік десе мен бас тартатын едім",- деп пікір білдірді Мөлдір Әуелбекова.

Кез-келген қызу талқыдағы тақырыпты біреудің даттауы, енді біреудің жақтауы заңдылық! Сондықтан, 25 жасын «айхайлатып» өткізген Төрештің тойын тікелей эфирден көргісі келетін жұлдыздар да жоқ емес!

"Мейрамбек, Сәкенге 25 жасында осындай мүмкіндік бергенде, олар да тойларын тікелей эфирде көрсеткен болар ма еді деп ойлаймын",- деді Гүлнұр Оразымбетова.

"Жиырма бесінде жарқыратып, бес концерттен кейін, өзінің тойын бір жасап жіберу де жарасымды болып тұр",- деді Қыдырәлі Болманов.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы ең қымбат Rixos мейрамханасында Төреғали үйлену тойын өткізеді.

Үш жүз қонақ шақырылған той отандық арналардың бірінің тікелей эфирінде көрсетіледі.

Тағы оқыңыздар:

Бозымбаев: Елімізде екі аптаға ғана жететін бензин қоры қалды

Ақтөбеде футбол жанкүйерлері атыраулық жігітті қуалап жүріп сабап тастаған

Шымкент әкімі уәдесінде тұрып, қарапайым халықпен бірге автобусқа мінді (фото)

Әбдірахымов қоғамдық көлікке жауапты басшының суретін автобусқа іліп қоймақшы (видео)

Астанадағы белгілі емханаға қаралған әйелдің ауруы одан сайын асқынып, тістері түсіп қалған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1649479-uylenu-toyyn-duyim-zhurtqa-tikeley-efi.html