RU

Қазақ қызына сырға салуға келген италиялық құдалар қойдың басын көріп, талып қала жаздады

Италиялық жігітке тұрмысқа шығып, қазірде бір ұл тәрбиелеп отырған қазақ қызы қазақтар мен италиялықтардың құдаласуы қалай өткені туралы айтып берді. Бүгінде жеке кәсібі бар келіншек Instagram парақшасында өзінің өмірі туралы жазбалар қалдырып, оқырманмен бөліскен.

NUR.KZ порталы италиялықтарға келін болған қазақ қызының жазбасын назарға ұсынады.

"Марионың отбасына келін болып түсіп, жолым болды. Олар біздің салт-дәстүрімізге кұрметпен қарады. Қазақтарда тойдың алдында сырға салу деген дәстүр бар екенін білесіздер.

Жігіттің ата-анасы, жалпы құдалар жақ тойға дейін үш ай қалғанда сырға салуға барып, нағыз қазақы дастарханға тап болды. Ет, бауырсақ және өзге де қазақтың ұлттық тағамдарын алдарына қойдық.

Алайда менің өтінішіме қарамастан, әжем қойдың басын құдалардың алдына қоятынын айтты. Ол "құдалардан ұят болады" деген әдетіне басып, қойдың басын атамның алдына әкелді. Қайын атам да саспастан, пышақ алып, оған сұға салды.

Одан соң қонақтардың бірі басты өзі алып, әдеттегідей қонақтарға үлестіріп беруге кіріседі. Осылайша ол қойдың тілін күйеуімнің әпкесінің қолына ұстата салады. Сол сәтте құдаша есінен тана жаздап, өз өзіне келе алмай әлек болады. Далаға шығарып, әрең есін жиғызып алдық.

Мен болсам, мені ешкім тыңдамағанына ашуландым да қойдым. Себебі қазақы дәстүрлерді бәрінен артық көретін отбасы үшін басты қоймау мүмкін емес еді. Сондықтан әжемнің бұл ісіне ешкім кедергі бола алмас еді",  - деп жазған Диана.

Диана Эспозито (Оразбаева) Bed&Breakfast Salerno Way хостелдер желісінің негізін қалаушы, Casa Esposito деп аталатын италиялық асхананың қожайыны. Сондай-ақ, ол аяқ киім дизайнері.

Тағы оқыңыздар:

Бозымбаев: Елімізде екі аптаға ғана жететін бензин қоры қалды

Ақтөбеде футбол жанкүйерлері атыраулық жігітті қуалап жүріп сабап тастаған

Шымкент әкімі уәдесінде тұрып, қарапайым халықпен бірге автобусқа мінді (фото)

Әбдірахымов қоғамдық көлікке жауапты басшының суретін автобусқа іліп қоймақшы (видео)

Астанадағы белгілі емханаға қаралған әйелдің ауруы одан сайын асқынып, тістері түсіп қалған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1649490-qazaq-qyzyna-syrgha-salugha-kelgen-ital.html