RU
Солтүстік Корея ядролық соғыс кез келген сәтте басталуы мүмкін екенін жеткізді
Жаңалықтар Әлемде

Солтүстік Корея ядролық соғыс кез келген сәтте басталуы мүмкін екенін жеткізді

Расказать Вконтакте

Солтүстік Кореяның БҰҰ-дағы ресми өкілі ядролық қарудан не үшін бас тартқылары келмейтінін түсіндіріп, КХДР мен АҚШ арасында ядролық соғыс кез келген сәтте басталуы мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Солтүстік Корея ядролық соғыс кез келген сәтте басталуы мүмкін екенін жеткізді

Фото: Риа Новости

КХДР БҰҰ тұрақты өкілінің орынбасары Ким Ин Рен БҰҰ Бас Ассамблеясындағы комитет отырысында сөйлеген сөзінде шілде айында қабылданған Ядролық қаруға толығымен тыйым салу туралы Конвенцияның қолдайтынын білдіріп, сонымен бірге бұл құжатты АҚШ-тың қабылдамағанын атап өтті.

"КХДР ядролық қаруды толығымен жоюды және бүкіл әлемді ядролық қарудан арылуына ат салысуды қолдайды. Алайда КХДР қауіп төндіріп, бопсалап отырған АҚШ елі ядролық қаруға тыйым салу туралы келісімді мойындамайынша, Солтүстік Корея келісімге қосылмайды", — деп мәлімдеді Ким Ин Рен.

"Әлемдегі ешбір ел АҚШ тарапынан тікелей ядролық қауіпке ұшыраған емес. Корея түбегіндегі ахуал шарықтау шегіне жетті – ядролық соғыс кез келген сәтте басталуы мүмкін", — деп атап өтті Пхеньян өкілі.

Тағы оқыңыздар:

Бозымбаев: Елімізде екі аптаға ғана жететін бензин қоры қалды

Ақтөбеде футбол жанкүйерлері атыраулық жігітті қуалап жүріп сабап тастаған

Шымкент әкімі уәдесінде тұрып, қарапайым халықпен бірге автобусқа мінді (фото)

Әбдірахымов қоғамдық көлікке жауапты басшының суретін автобусқа іліп қоймақшы (видео)

Астанадағы белгілі емханаға қаралған әйелдің ауруы одан сайын асқынып, тістері түсіп қалған

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
2
5
10
3
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір