RU

Желіде қазақ әжелеріне арналған "гламурный галөштер" пайда болды (фото)

Бүгінде әлеуметтік желі арқылы бизнес жасап, өзінің жеке кәсібін қолға алып жатқан жастар аз емес. Мәселен енді ауыл әжелері "гламурный галөштер" киетін болған.

Мұндай айрықша аяқ-киімдерді көбінесе ауыл әжелері киеді.

Instagram парақшасында аяқ-киімнің бұл түрін сататындар да көбейген.

Апа-әжелерінен ентеңе аямайтын балалары оларға осындай әдемі мәсілер мен сыртқа киетін "галөштерді" сыйға тартуда. Аласа резеңке аяқ киім - 5000 теңге тұрса, мәсімен бірге етігін 13 000 теңгеге алуға болады екен.

Желі қолданушыларының айтуынша, мұндай аяқ киімге деген сұраныстың артқаны соншалық, тіпті Қытайдағы қандастарымыз да арнайы тапсырыс беріп алдырады екен.

Ал мәсілерінің енді айрықша етіп тігіле бастағанын естіген әжелер болса, қатты қуанып, риза болысуда.

Тағы оқыңыздар:

Елімізде көп сұранысқа ие АИ-92 бензині тағы да қымбаттайды

Ақтөбеде футбол жанкүйерлері атыраулық жігітті қуалап жүріп сабап тастаған

Шымкент әкімінің сөзін екі етпеген шенеуніктер үйлеріне автобуспен қайтты (фото)

Әбдірахымов қоғамдық көлікке жауапты басшының суретін автобусқа іліп қоймақшы (видео)

Астанадағы белгілі емханаға қаралған әйелдің ауруы одан сайын асқынып, тістері түсіп қалған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1649811-zhelide-qazaq-azhelerine-arnalghan-glam.html