RU

Павлодарда 19 жастағы қыздар шетел азаматын өлтіріп тастады

Павлодарда Германия тұрғынының мәйіті табылды, деп хабарлайды Baq.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, шетел азаматының денесі 13 қазан күні Павлодардағы пәтерлердің бірінен табылған. Денесінде зорлық белгілері бар. Күдікті ретінде павлодарлық 19 жастағы екі қыз ұсталды. Оның біреуі қаладағы оқу орнындарының бірінің екінші курс студенті екен.

«Қайтыс болған шетел азаматы мен ұсталған қыздардың бірінің арасында жанжал шыққаннан кейін қыз кетіп қалған. Алайда пышақ алып, құрбысымен бірге қайта келген. Қазір аталған іс бойынша «Топ болып адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді аудандық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тағы оқыңыздар: 

Қаржы министрі: Депутаттар мен полицейлердің жалақысын көбейтеміз

Үйлену тойын дүйім жұртқа тікелей эфирде көрсететін Төреғалиды әріптестері сынап тастады

Астанадағы тағам құны 100 мың теңгеден кем түспейтін элиталы мейрамханалар туралы не білеміз?

Солтүстік Корея ядролық соғыс кез келген сәтте басталуы мүмкін екенін жеткізді

Ит екен деп қалдым: БҚО-да сегізінші сынып оқушысына қасқыр шабуылдаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1649902-pavlodarda-19-zhastaghy-qyzdar-shetel-azam.html