RU

Павлодарда ата-анасын қарттар үйіне өткізетіндердің басым бөлігі байлар болып шықты

Павлодар облыстық қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде ашылатын ақылы бөлімше 12 адамды қабылдауға дайын, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қарттар үйі басшысының орынбасары Ғалия Жабагинаның айтуынша, баласы, жолдасы немесе туыстары бар адамдарға қарттар үйінде тұруға рұқсат берілмейді.

Ал ақылы бөлімшелерге зейнеткерлік жасқа жеткен және ресми түрде бірінші, екінші топтағы мүгедек адамдар қабылданады. Орналастыру құны айына 77 мың 468 теңгені құрайды.

"Көбінесе жұмысбасты, ауқатты азаматтар жүгінеді. Себебі олар мүмкіндігі шектеулі жандарды бақылаусыз үйде қалдыра алмайды. Бұл жерде сегіз түрлі қызмет көрсетіледі: тамақтандыру, жуындыру, бөлмені және киім-кешектерді тазарту, медициналық тексеру. Сонымен қатар, олармен мәдениет қызметкері, псиолог маман, дәрігерлер мен медбикелер жұмыс істейді. Мұндай ақылы бөлімше елімізде тек Астана қаласында ғана бар", - дейді Ғалия Жабагина.

Тағы оқыңыздар: 

Төреғали үйленгеніне үш жыл өткен соң сұлу келіншегін көрсетті (фото)

Шымкенттік шенеунік бензин бағасын 220 теңгеге дейін көтеруді ұсынды

Желіде қазақ әжелеріне арналған "гламурный галөштер" пайда болды (фото)

Қос ұлын пешке салып тірідей пісірген ана жұртты шошытты

Қазақстан Қырғызстанмен арадағы жағдайды саясиландырмауға шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1650083-pavlodarda-ata-anasyn-qarttar-uyine-o.html