RU

Алматы облысында әйелін жауыздықпен өлтірген ер адам сот алдында жылап жіберді

Алматы облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында "Асыл Арман" ТК-де фармацевт әйелін жауыздықпен өлтірген ер адамға сот үкімі шықты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Азамат Құлымбетов ақпан айында өзінің әйелі Жанар Насырова жұмыс істейтін дәріханаға басып кіріп, оған 20 жерден пышақ салған. Кейінірек әйел адам ауруханада көз жұмды.

Бұрынғы ерлі-зайыптылар отбасылық өмірде 12 жыл бірге тұрған. Қайтыс болған әйелдің артында екі баласы қалды. Сот отырысында қылмыскер көзіне жас алып, қаза болған Жанар Насырованың туыстарынан кешірім сұрады.

Ал алқа билер соты сотталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлімі бойынша айыпты деп танып, оны 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сонымен қатар, сотталушы бес миллион көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Тағы оқыңыздар: 

Төреғали үйленгеніне үш жыл өткен соң сұлу келіншегін көрсетті (фото)

Шымкенттік шенеунік бензин бағасын 220 теңгеге дейін көтеруді ұсынды

Желіде қазақ әжелеріне арналған "гламурный галөштер" пайда болды (фото)

Қос ұлын пешке салып тірідей пісірген ана жұртты шошытты

Қазақстан Қырғызстанмен арадағы жағдайды саясиландырмауға шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1650116-almaty-oblysynda-ayelin-zhauyzdyqpen.html