RU

Ақтөбеде жеке балабақшадағы 320 бүлдіршін күздің қара суығында далаға қуылды

Ақтөбедегі «Батыс 2» ауданында салынған «Нектар» балабақшасына қатысты ата-аналар шу шығарды. Бір жыл бойына мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істеп келген жаңа балабақшада 320 бүлдіршін тәрбиеленеді. Балабақша қожайыны ата-аналарға бірінші қарашаға дейін ғимаратты босатуларын сұраған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Бүгін балабақшаның алдына жиналған ата-аналар жеке балабақшаның қожайынын сотқа беретіндерін айтты. Олар күздің қара суығында өздерін сенделтіп қойғандарды жауапқа тартпақ.

«Қазіргі таңда «Нектар» балабақшасы ақыл-есі толық жетілмеген балаларға арналған арнайы балабақша болып, облыстық қаржы бөліміне өтті. Облыс аумағында бірлесіп шешілген зат. Мемлекет тапсырыс бойынша онда 160 бала біздің жолдамамен отыр. Соларға сол ауданға жақын орналасқан аудандардан балабақшаларға жолдама беріледі. Қалғандары өздері шешеді», - дейді қалалық білім бөлімінің бас маманы Гүлжан Әмірова.

Тағы оқыңыздар: 

Төреғали үйленгеніне үш жыл өткен соң сұлу келіншегін көрсетті (фото)

Шымкенттік шенеунік бензин бағасын 220 теңгеге дейін көтеруді ұсынды

Желіде қазақ әжелеріне арналған "гламурный галөштер" пайда болды (фото)

Қос ұлын пешке салып тірідей пісірген ана жұртты шошытты

Қазақстан Қырғызстанмен арадағы жағдайды саясиландырмауға шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1650172-aqtobedegi-zheke-balabaqshada-320-buldirsh.html