RU

Ғалымдар: Артық салмақтың әр келісі адам өмірін екі айға қысқартады

Ғалымдар артық салмақтың әр келісі адам өмірін екі айға қысқартатынын дәлелдеді деп хабарлайды Baq.kz.

Эдинбург университетінің генетик-ғалымдары мен диетологтары артық салмақтың әр келісі адам өмірін екі айға қысқартатынын дәлелдеген.

Ғалымдар 600 мыңнан астам адамның генетикалық деректері мен ерекшеліктеріне талдау жүргізген. Олар онкологиялық аурулар мен жүрек ауруларын тудыратын ішімдік ішу немесе темекі шегу сияқты зиянды әдеттерден басқа артық салмақтың өзі адам өмірін қысқартатынын зерттеген.

Нәтижесінде, басқа факторларды есептемегенде, артық салмақтың әр келісі өмір сүру уақытының орташа жасын екі-төрт айға қысқартатынын анықтаған.

Егер адам артық салмағынан бөлек күніне бір қорап темекі тартатын болса, онда оның өмір сүру ұзақтығы 7-12 жылға қысқаруы мүмкін.

Сол себепті семіздіктен арылудың жолдарын да қарастырған жөн.

Тағы оқыңыздар: 

Алматы облысында әйелін жауыздықпен өлтірген ер адам сот алдында жылап жіберді

Ақтөбеде жеке балабақшадағы 320 бүлдіршін күздің қара суығында далаға қуылды

Павлодарда ата-анасын қарттар үйіне өткізетіндердің басым бөлігі байлар болып шықты

Анасынан қалыспай көше сыпырған балақайға жұрт риза болды (видео)

Премьер-министрдің былығын әшкерелеген журналист қаза болды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1650302-ghalymdar-artyq-salmaqtynh-ar-kelisi-ad.html