RU

Төреғали үйлену тойында журналистердің мойнын жұламын деп қорқытты

Ұлы дала баласы осы жолы да журналистерге "ұлы" мінезін көрсетті. Төреғали Төреәлі тойдағы дүйім жұрттың көзінше тілшілерге сес көрсетіп, олардың "мойнын жұлатынын" мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Әнші кей БАҚ көздерінде "әйелі өз мамандығын білмейді" деген ақпарат тарағаны үшін ашуланған. Алайда Төреғали белгісіз себептермен бұл ақпараттың жариялануына мүлде қатысы жоқ NUR.KZ порталының тілшілеріне шүйлігіп, той кезінде сес көрсетті.

"NUR.KZ-тің журналистері қайда, мойнын үзейін", - деп тойға келген қалың жұрттың алдында қоқан-лоққы көрсеткен әнші портал тілшісіне тойға кіруге тыйым да салыпты.

Той күзетшісі тойға барлық БАҚ көздерін кіргізгенімен, NUR.KZ порталының тілшісіне кіруге рұқсат жоқтығын мәлімдеді.

Әнші әдепсіз мінезін осымен бірнеше рет көрсетіп отыр. Бұған дейін де Төреғалидің журналистерге деген дөрекілігі елдің қызу пікірталасын тудырған болатын.

Айта кетерлігі, әнші өз тойында қонақтарды ұзақ күттіріп, тойға үш сағат кешігіп келген.

Тағы оқыңыздар: 

Алматы облысында әйелін жауыздықпен өлтірген ер адам сот алдында жылап жіберді

Ақтөбеде жеке балабақшадағы 320 бүлдіршін күздің қара суығында далаға қуылды

Павлодарда ата-анасын қарттар үйіне өткізетіндердің басым бөлігі байлар болып шықты

Анасынан қалыспай көше сыпырған балақайға жұрт риза болды (видео)

Премьер-министрдің былығын әшкерелеген журналист қаза болды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1650417-toreghali-uylenu-toyynda-zhurnalister.html