RU

Энергетика министрі бензин тапшылығы қашан жойылатынын айтты

Энергетика министрлігі Ресейден бензинді қымбатқа алып, халыққа арзанға сатуға мәжбүр. Бозымбаев бастаған ведомство бұндай жомарттықтан басқа әзірге тапшылықтан құтылудың амалын таппай отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Елдегі бензин тапшылығы келер аптада түбегейлі шешілуі тиіс. Бұл үкімет отырысында көптің күткен басты мәлімдемесі. Энергетика министрлігі жағдайды түзеудің екі жолын қарастырып отыр.

Оның бірі – Ресейден алдырту. Келесі аптада 100 мың тонна импорттық отынның соңғы легі елге жетеді. Ал бағасы жоқтан тәуір.

"Бізде төрт үлкен станциялар жүйесі бар. Олар импорттық бензинді алып келеді де өзіміздің қазақстандық бензинге қосады. Онда бағасы осы 161 теңгеден аспайтын болуы тиіс", - дейді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Қанат Бозымбаевтың қосады дегені бензинді сапырылыстыру емес, импорт пен отандық өнімді әр бекетке тең үлестіріп, бір бағамен сату. Бензиннің құны жайында да министрдің нақты есебі емес, болжамы ғана бар.

"Болжам бойынша қараша айының екінші жартысында бензин бағасы төмендеуі мүмкін. Қаншаға? Қазір айтуға қиындау, бірақ төмендеуі мүмкін", - деді министр.

Министрдің болжамы келсе, зауыттарымыз толық қуатына шықса, бензин желтоқсанда бес-алты теңгеге арзандайды.

Тағы оқыңыздар: 

Алматы облысында әйелін жауыздықпен өлтірген ер адам сот алдында жылап жіберді

Ақтөбеде жеке балабақшадағы 320 бүлдіршін күздің қара суығында далаға қуылды

Павлодарда ата-анасын қарттар үйіне өткізетіндердің басым бөлігі байлар болып шықты

Анасынан қалыспай көше сыпырған балақайға жұрт риза болды (видео)

Премьер-министрдің былығын әшкерелеген журналист қаза болды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1650470-energetika-ministri-benzin-tapshylygh.html