RU

Қысымға ұшыраған Қытай қазақтары биліктен араша сұрады

Шыңжан-ұйғыр автономиясындағы бауырларымыз себепсіз сотталып жатыр деп дабыл қаққан бір топ оралман биліктен араша сұрады деп хабарлайды КТК арнасы.

Айтуларынша, құр Қазақстанға келіп кеткені үшін Қытайдағы әкесі не басқа туысы қамауға алынады екен. Бұл мәселені кезінде елбасы Сыртқы істер министрлігіне тапсырғанымен жағдай әлі күнге оңалмаған.

Олармен байланыс орнату да мүмкін болмай тұр. Ғаламтор байланысы түгел үзілген. Тіпті, қамауға түскен азаматтардың осындағы ағайын-туғандары да ақпаратқа жарымай отыр.

Қазіргі уақытта қамауда отырған 31 қазақтың тізімі бар. Себептері әр түрлі. Негізінен, Қазақстанға көшпек ойы болғаны үшін немесе Қазақстанға көп келгіштегені үшін сотталған дейді туыстары.

Соның айқын бір мысалы Жұмадан деген жігіттің басында болған. Әкесін қамауға алғанда себебін сұрай барса айтқандары мынау болыпты.

"Сұраған кезде полиция қызметкерлері айтқан екен, сен Қазақстанға жиі өтіп тұрады екенсің. Сенің Қазақстанда жүріп идеяңда ауытқу болуы мүмкін. Сондықтан, біз сенің идеяңды тазалаймыз. Сені оқытамыз деп саяси үйрену орталығы деген бір орынға алып кетіпті", - дейді оралман Жұмадан Жарқынбекұлы.

Сол саяси үйрету орталығының соңы 10 жылға түрмеге жалғасқан. Қазір әкесінен еш хабар ала алмай отыр. Дегенмен, бүгін жиын өткізген азаматтар текке қарап отырмақ емес. Олар да қарекет қылып, адам құқықтарын қорғайтын халықаралық ұйымдарға өтінішпен шықпақшы.

Министрлік пен белсенді азаматтардан бөлек, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы да жағдайдың оң шешілуіне алаңдаулы. Ендігі шаруа тек уақыт еншісінде.

Тағы оқыңыздар: 

Алматы облысында әйелін жауыздықпен өлтірген ер адам сот алдында жылап жіберді

Ақтөбеде жеке балабақшадағы 320 бүлдіршін күздің қара суығында далаға қуылды

Павлодарда ата-анасын қарттар үйіне өткізетіндердің басым бөлігі байлар болып шықты

Анасынан қалыспай көше сыпырған балақайға жұрт риза болды (видео)

Премьер-министрдің былығын әшкерелеген журналист қаза болды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1650486-qysymgha-ushyraghan-qytay-qazaqtary-bil.html