RU

Сағадиев мұғалімдер мен тәрбиешілерге ерекше жеңілдіктер жасауды ұсынды

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадаиев ұстаздар мен тәрбиешілердің баласын балабақшаға жеңілдікпен қабылдауды ұсынды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Үкімет отырысында министр Ерлан Сағадаиев мұғалімдерге жеңілдіктер қарастырылмағанын айтты.

"Біз мұғалімдер мен тәрбиешілердің баласын балабақшаға қабылдаған кезде жеңілдіктер енгізуді ұсынып жатырмыз. Әскерилерге осындай жеңілдіктер қарастырылған. Балабақшалардың саны өсіп келеді, орын жеткілікті. Сондықтан біз жоғарыда аталған норманы енгізу бастамасын көтереміз", — деді министр.

Сонымен қатар Ерлан Сағадиев мұғалімдердің әлі күнге дейін қағазбастылықтан құтыла алмай отырғанын атап өтті. Айтуынша, қазір таңда бүкіл қажетті ақпарат министрліктің ұлттық білім беру деректер базасында бар.

Оның пікірінше, осы деректер базасы ұстаздарды қосымша жұмыстан босатуға септігін тигізеді.

Тағы оқыңыздар: 

Алматы облысында әйелін жауыздықпен өлтірген ер адам сот алдында жылап жіберді

Ақтөбеде жеке балабақшадағы 320 бүлдіршін күздің қара суығында далаға қуылды

Павлодарда ата-анасын қарттар үйіне өткізетіндердің басым бөлігі байлар болып шықты

Анасынан қалыспай көше сыпырған балақайға жұрт риза болды (видео)

Премьер-министрдің былығын әшкерелеген журналист қаза болды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1650500-saghadiev-mughalimder-men-tarbieshiler.html