RU

Алматыда жүзден аса адам алапат өртті сөндірді (фото)

Алматыдағы Рысқұлов көшесінде 18 қазан күні түнде алапат өрт болды. Алдын-ала мәлімет бойынша, "Қазтрансформатор" ЖШС-ін жаулап алған жалын көрші қоймаға дейін жеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматы қалалық ТЖД-нің мәліметінше, өрт түнгі үште Жетісу ауданы Рысқұлов, 99 көшесінен шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына бірден жеткен. 

ТЖД басапсөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың хабарлауынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатқан. Қызыл жалынның көрші қоймаға жету қаупі болған.

Ведомствоның мәліметінше, өрт 05:39-да ауыздықталған. Өрт аумағы  3500 кв.м құраған. Оқиғадан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. 

Өртті сөндіру үшін жеке құрамның 27 техникасы мен 120 адам жұмылдырылған.

Тағы оқыңыздар:

Ғалымдар: Артық салмақтың әр келісі адам өмірін екі айға қысқартады

Сағадиев мұғалімдер мен тәрбиешілерге ерекше жеңілдіктер жасауды ұсынды

Қысымға ұшыраған Қытай қазақтары биліктен араша сұрады

Энергетика министрі бензин тапшылығы қашан жойылатынын айтты

Қонақүйге атымен бірге түнемекші болған қыз елді күлкіге қарық қылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1650563-almatyda-100-adam-alapat-ortti-sondiru-u.html