RU

Ақтаулық әйел қызымен бірге үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Ақтаулық әйел жеткіншек қызымен үшінші қабаттың терезесінен құлап түсті. Куәгерлердің айтуынша, құлағандар киініп алып, біреуден қашуға тырысқандай көрінген. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Ладаға» сілтеме жасап хабарлайды.

Оқыс жағдай 17 қазан күні қаланың 11 ықшамауданында шамамен сағат кешкі онда №29 үйде болған.

Жерде жатқан әйел мен оның қызын көршісі байқап қалған. Олар шұғыл облыстық емхананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

40 жастағы әйел мен 15 жастағы қыз баланың көршілері олардың үшінші қабатта пәтер жалдап тұрып келгенін айтуда. Құлағандардың қасында жастықтар табылған.

"Олар аяқ киіміне дейін киіп алған. Әйелдің сөмкесі де болды. Жастықпен секіргендеріне қарағанда, біреуден қашпақ болғаны анық. Егер пәтерден кеткен болса, есіктен шығар еді ғой. Құдайға шүкір, аман қалды", - дейді тұрғындар.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тағы оқыңыздар:

Ғалымдар: Артық салмақтың әр келісі адам өмірін екі айға қысқартады

Сағадиев мұғалімдер мен тәрбиешілерге ерекше жеңілдіктер жасауды ұсынды

Қысымға ұшыраған Қытай қазақтары биліктен араша сұрады

Энергетика министрі бензин тапшылығы қашан жойылатынын айтты

Қонақүйге атымен бірге түнемекші болған қыз елді күлкіге қарық қылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1650595-aqtauda-ayel-qyzymen-birge-ushinshi-qab.html