RU

Роналду ең көп табыс табатын танымал адамдардың арасында екінші орында қалды

Мадридтік "Реал" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналді Forbes журналының тізімі бойынша 2017 жылы Еуропадағы ең көп жалақы алатын танымал тұлғалардың арасында екінші орынға жайғасты. Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Бұл тізімде көш басында ағылшын жазушысы Джоан Роулинг бастап тұр. Оның 2017 жылғы табысы 95 миллион доллар (салықсыз) екен. Роналду болса екінші орында. Оның табысы 90 миллион доллар. Үшінші орында ағылшындық музыкалық топ Coldplay жайғасқан. Олардың табысы - 88 миллион.

Үздік ондықтың қатарында теннисші Роджер Федерер (5-орын, 64 миллион), британдық гольфшы Рори Макилрой (9-орын, 50 миллион) бар.

Екінші ондықта шабандоз Льюис Хэмилто (11-орын, 46 миллио), Себастьян Феттель (14-орын, 38,5 миллион), Фернандо Алонсо (17-орын,36 миллион), теннисші Новак Джокович (15-орын, 37,5 миллион) футболшы Гарет Бэйл, ережесіз жекпе-жек өкілі Конор МакГрегор (екеуі де 18-орын, 34 миллион) және Златан Ибрагимович (20-орын, 32 миллион) секілді спортшылар енген.

Тағы оқыңыздар:

Ғалымдар: Артық салмақтың әр келісі адам өмірін екі айға қысқартады

Сағадиев мұғалімдер мен тәрбиешілерге ерекше жеңілдіктер жасауды ұсынды

Қысымға ұшыраған Қытай қазақтары биліктен араша сұрады

Энергетика министрі бензин тапшылығы қашан жойылатынын айтты

Қонақүйге атымен бірге түнемекші болған қыз елді күлкіге қарық қылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1650654-ronaldu-enh-kop-zhalaqy-alatyn-tanymal-t.html