RU

Парижде Димаштың өнеріне тамсанған фанаттар оны жібермей қойды (фото, видео)

Димаш Құдайберген ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде өнер көрсетіп, қазақ тіліндегі ән айтты. Оның айтқан әнінен соң бүкіл зал оған құрмет көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

ЮНЕСКО сахнасында Димаш француз тілінде бір ән орындап, қалған екеуін қазақ тілінде орындады. "Дайдидау" мен "Жерім менің" деп аталатын әнін орындаған әншіны бүкіл зал үлкен қошеметпен сүйсініп тыңдады.

Париждіктер бірінен соң бірі орындарынан тұрып, оған асқан құрмет көрсетті. Тіпті залдағылар оны жібергісі келмей, ұзақ тұрды.

Концерттен соң Димаштың артынан ондаған фанат жүгіре жөнеліп, олардың барлығы автограф алып, селфи жасауға тысырқан.

«Димаш, je t’aime! I love you!» - деп айғайлады бойжеткендер.

«Мен де сіздерді жақсы көремін», - деген әнші әрбір қызбен жеке-жеке суретке түсті. 

Әншінің тағы бір фанаты Димашты көріп қалу үшін тіпті Англиядан арнайы ұшып келіпті. Әнші оның қолына автографын қалдырды.

Еске салсақ, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының таныстырылымын әдемі аяқтау үшін Парижге бірнеше қазақстандық әнші мен биші жиналған.

ЮНЕСКО сахнасында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрі мен Астана балеті өнер көрсетті. Медет Чотобаев, Салтанат Ахметова, Сүндет Байғожин, Майра Мұхамедқызы сынды дарынды әншілер арнайы өнер көрсетті.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда әйел қызымен бірге үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Ернар Айдар өзінен айнымайты жұбайын көпшілікке көрсетті (видео)

Алматыда әділ шешім шығармады деп істі болған экс-судья өзін соттамауды сұрап отыр

Мәскеуде 100 адамды өлтірді деген күдікпен таксист ұсталды

Өмірден баз кешкен бойжеткен метрода пойыз астына секіріп кетпек болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1650722-parizhde-dimashtynh-onerine-tamsanghan-f.html