RU

Автобуспен жүрген экс-депутат астаналықтарды қарапайымдылығымен тәнті етті (фото)

Астанадағы қоғамдық көліктердің бірінен «табылған» белгілі экс-депутат, қоғам қайраткері Ирак Елекеев елордалықтарды қарапайымдылығымен таң қалдырды. Тұрғындардың кейбірі бұрынғы халық қалаулысының бұл «әрекетіне» таң қалып жатса, енді бірі, «барлық депутаттар осы кісіден үлгі алса игі еді» деген пікір білдіруде деп жазады өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Қаладағы №32 бағыттағы автобустардың бірінен көрінген белгілі заңгер, астаналықтарды, әсіресе, қарапайымдылығымен таң қалдырыпты.

«Мен бұл кісіні көремін деп ойламаған едім. Алғашында, бәлкім басқа адам болар деп сенбеген едім. Сосын жақындай келе, ол кісінің бұрынғы депутат, «Хабар» арнасындағы «Көзқарас» бағдарламасының жүргізушісі болған – Ирак Елекеев екенін түсіндім.

Таң қалғаным бұрынғы депутат өмірде өте қарапайым екен, кәдімгі қала тұрғындары сияқты автобусқа мініп, діттеген аялдамасына дейін көлікте болды. Айтайын дегенім, депутаттар мен шенеуніктер осы сияқты қарапайым жандардан үлгі алса екен деймін.

Өзім Шымкент жақтың тумасымын, біздің қаланың да әкімі жұмысына қоғамдық көлікпен баратын болыпты. Бұл кісілердің мұндай бастамасы – нағыз

құптарлық жағдай», - дейді қала тұрғыны.

Тағы оқыңыздар: 

Парижде Димаштың өнеріне тамсанған фанаттар оны жібермей қойды (фото, видео)

Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясындағы қызметінен кетті

Головкиннің статистикасын бүлдірген төреші жазадан құтылып кетті

Роналду ең көп табыс табатын танымал адамдардың арасында екінші орында қалды

Өмірден баз кешкен бойжеткен пойыз астына секіріп кетпек болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1650915-qoghamdyq-kolikpen-zhurgen-eks-deputat.html