RU

Атамбаев Қазақстан туралы айтқан сөзіне пікір білдірді

Президенттік мерзімі аяқталуға жақын қалған Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев Қазақстан және елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайлы айтқан сөзі үшін кешірім сұрады деп хабарлайды BNews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Қазақстан президенті жайлы қызбалыққа салынып айтқаным дұрыс болмады-ау. Соңғы күндері осы жайлы ойландым", - дейді екі ел арасындағы ахуалға пікір білдірген Атамбаев.

Сонымен қатар Қырғызстан президенті барлық көрші мемлекетпен бейбіт қарым-қатынаста болудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, Атамбаев бұндай мәлімдемені Бішкекте өткен президенттік шәкіртақыны табыстау рәсімінде жасады.

Еске сала кетейік, Алмазбек Атамбаев бұған дейін Қазақстанның экономикалық жағдайына қатысты пікір білдірген еді.

Кейін Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың пікіріне қатысты арнайы мәлімдеме жасады.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда әйел қызымен бірге үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Ернар Айдар өзінен айнымайты жұбайын көпшілікке көрсетті (видео)

Алматыда әділ шешім шығармады деп істі болған экс-судья өзін соттамауды сұрап отыр

Мәскеуде 100 адамды өлтірді деген күдікпен таксист ұсталды

Өмірден баз кешкен бойжеткен метрода пойыз астына секіріп кетпек болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1650984-atambaev-qazaqstan-turaly-aytqan-soz.html