RU

Қазақстан халқының саны қанша адамға жеткені белгілі болды

Қазақстан халқының саны 2017 жылғы 1 қыркүйектегі көрсеткіш бойынша 18 074,1 мың адамға жетті деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті мәлім еткендей, халық саны 2017 жылғы 1 қыркүйектегі көрсеткіш бойынша 18 074,1 мың адамға жеткен. Соның ішінде қалалықтар – 10 367,4 мың (57,4%), ауылдықтар – 7 706,7 мың адамды (42,6%) құрады. Биыл 2016 жылғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда халық саны 232,5 мың адамға, яғни 1,3% өсті.

АХАТ органдары ұсынған мәліметтерге сәйкес 2017 жылғы қаңтар-тамыз айында 257,5 мың нәресте дүниеге келген, бұл 2016 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 6,5% аз.

Сондай-ақ, республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 17,3 мың адамға немесе 9,3% кеміп, 169,4 мың адамды құрады. Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 77,3 мың адам болса, бұл 2016 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 0,4% аз.

2017 жылғы қаңтар-тамызда республикада 1 жасқа дейінгі 2140 нәресте өлімі тіркелді. 2016 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 13,7% азайды.

Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2017 жылғы қаңтар-тамызда 1 082 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 50,6% құрады. Туа біткен ауытқулардан 502 немесе 23,5%, тыныс органдары ауруларынан – 138 немесе 6,4% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 110 немесе 5,1% нәресте қайтыс болған.

Тағы оқыңыздар:

Қырғызстанда сайлау күні 19 жастағы бойжеткен зорланды

Головкиннің статистикасын бүлдірген төреші жазадан құтылып кетті

Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясындағы қызметінен кетті

Қасиетті рамазанда мұсылман қызды өлтірген қылмыскер өлім жазасына кесілуі мүмкін

Автобуспен жүрген экс-депутат астаналықтарды қарапайымдылығымен тәнтті етті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1651134-qazaqstan-khalqynynh-sany-qansha-adamgha.html