RU

Желаяқ қыз биік өкшелі туфлимен 42 шақырым жүгіріп, қарсыластарын шаң қаптырып кетті

Желаяқ қыз биік өкшелі туфлимен 42 шақырым жүгіріп, рекорд орнатты деп хабарлайды Baq.kz lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Ирен Сьюэлл биік өкшелі туфлимен марафонға қатысып, 7 сағат 28 минутта мәреге жеткен. Сөйтіп ол Гиннестің рекордтар кітабына енді.

«Менің қолымнан келді. Өзім де таңғалдым, бірақ бұл шынымен орындалды», - деп жазған Сьюэлл Instagram парақшасында.

Бойжеткен - Чаттануга қаласы Теннесси штатының тұрғыны.

Подиатристің ұсынысы бойынша Сьюэлл негізінен спорттық аяқ киім киіп дайындалған көрінеді. Тек анда-санда ғана биік өкшелі туфлимен жаттығып жүріпті.

Ал марафонға ол әртүрлі өлшемдегі 7,5-ден (37 өлшем) 9-ға (38,5 өлшем) дейінгі 6 жұп аяқ киімді дайындаған.

Сонымен қатар, ол жабыстырғыш, ұлтарақ, аяқты буатын бандажды пайдаланған.

Тағы оқыңыздар:

Ақышев: Жыл басымен салыстырғанда теңге бағамы өзгерген жоқ

Головкиннің статистикасын бүлдірген төреші жазадан құтылып кетті

Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясындағы қызметінен кетті

Қасиетті рамазанда мұсылман қызды өлтірген қылмыскер өлім жазасына кесілуі мүмкін

Автобуспен жүрген экс-депутат астаналықтарды қарапайымдылығымен тәнтті етті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1651221-zhelayaq-qyz-biik-oksheli-tuflimen-42-shaqyr.html