RU

Қытайдың әйгілі миллиардері мұнайдан да маңызды нәрсе бар екенін мәлімдеді

Бүгінгі таңда әлемге әйгілі Alibaba Group корпорациясының негізін қалаушы, Қытайдың ең дәулетті азаматы Джек Ма Мәскеу қаласында өткен "Сандық  экономика. Қоғам, бизнес, мемлекет" деп аталатын маңызды шараға қатысып, мінберден сөз алды  деп жазады Islam.kz.

Ол енді отыз жылдан кейін мұнайдан да маңызды болып, интернеттің алдыңғы орынға шығатынын мәлімдеді.

"Интернет пен сандық технология келешекте көптеген проблеманың шешіміне айналады. Бұл тұрақты даму үстінде болады, әрі адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай тудырады. Әлдебір жерде басымдыққа ие 60 компания бар шығар, алайда, жастар мына өмірде өз орнын тапқысы келеді.

Бүгінгі таңда жаһандану бір келкі жүріп жатқан жоқ. Көп ұзамай адамзаттың 80 пайызы интернетке қосылатын болады, біз бұл фактіні ескеруіміз керек. Электронды коммерция мен электронды экономика шекараны жояды. Өндіріс ошақтары жаңа жұмыс орындарын ашады, өндіріспен жасанды интеллекті шұғылданады; адамдар басқа нәрсемен айналысады.

Мен болашаққа нық сеніммен қарайтын адаммын. Егер біз балалардың ескі әдіспен оқытатын болсақ, оның дұрыстығына күмәнмен қараймын. Жылдамдығы зор машинамен жарысуға болмайды", - деп мәлімдеді 53 жастағы қытайлық миллиардер.

Десе де ол роботтар мен жоғары технология адами факторды алмастыра алмайтынын да тілге тиек етті. Өйткені, оның айтуынша, адамдардың өз құндылығы бар.

"Біз адамдарға ұқсас роботтарды шығарармыз, алайда, машина машина болып қалады, адам адам болып қалады", - деді артынша.

Айта кетейік, әлемдегі қалталылардың шотын қағып, аты-жөнін түгендеп отыратын Forbes журналы Джек Маның дәулетін (биылғы көрсеткіш бойынша) 39,1 млрд долларға бағалаған екен.

Тағы оқыңыздар:

Ақышев: Жыл басымен салыстырғанда теңге бағамы өзгерген жоқ

Дональд Трамп президент болғалы бері 600 млн доллар қаржысынан айрылған

Нығматулин министрге: Президент тапсырма берді, ал сіз керісінше істеп жатырсыз

Бесінші қабаттан секіріп кеткен ақтаулық әйел мен оның қызы полицейлерден қашқан

ОҚО-дағы экс-шенеунік автобус жүргізушілері жүз грамм ұрттап алатынын жайып салды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1651412-qytaydynh-aygili-milliarderi-munayda.html