RU

Әр сөзі хит болатын Шымкент әкімі Әбдірахымов тағы да желіні жарды (видео)

Сөзінді  тұрған Ғабидолла Әбдірахымов әкімдікке тиесілі қызметтік көліктердің барлығын тұраққа қойғызған. Сондай-ақ, машиналардың мемлекеттік нөмірін алып, есіктерін мөрлеп тастапты. Ал, жүргізушілерді демалысқа жіберген. Сөйтіп, қалалық әкімдіктің басшы құрамы жұртпен бірге аялдамада автобус күтіп жүр деп хабарлайды TVK арнасы.

Сағат кешкі жетіден асқанда Әбдірахымовтың өзі де төбе көрсетті. Көшеде емін-еркін серуендеген қала мэрі тілшілердің өзін күтіп тұрғанын байқамай қалыпты. Сөйтіп, қымбат джиптен автобусқа отырған әкім не үшін мұндай қадамға барғанын баяндап берді.

"Егер мемлекеттік қызметкер автобуспен жүремін десе, мен қарсы емеспін. Бірақ, тағы бір ұсыныс: Неге жастар велосипедпен жүрмейсіңдер? Велосипед рахат қой. Тегін… Денсаулыққа пайдалы", - деді қала әкімі.

Әр сөзі хитке айналатын Әбдірахымов қайрымдылық жасап та бірнеше рет көзге түскен еді. Бұл жолы ол қызметтік көліктің жанармайынан үнемделген ақшаны төменгі сатыдағы мамандарға сыйақы ретінде үлестіріп бермек.

"Мен әлеуметтік желіден оқып жатырмын. "Олардың айлығын біздікімен бірдей қылу керек" дейді. Бәрі білсін, бөлім басшылары мен қарапайым қызметкерлер 60-70 мың теңге алады. Ары кетсе 100 мың теңге. Вот и все", - деп аяқтады сөзін Ғабидолла Әбдірахымов.

Расымен де, әлеуметтік желіде Шымкент әкімінің бұл әрекеті қызу талқылануда. Бірі жақтап, екіншісі даттап жатқан бастаманың қаншалықты баянды болатыны бір айдан кейін белгілі болмақ.

Тағы оқыңыздар:

Ақышев: Жыл басымен салыстырғанда теңге бағамы өзгерген жоқ

Дональд Трамп президент болғалы бері 600 млн доллар қаржысынан айрылған

Нығматулин министрге: Президент тапсырма берді, ал сіз керісінше істеп жатырсыз

Бесінші қабаттан секіріп кеткен ақтаулық әйел мен оның қызы полицейлерден қашқан

ОҚО-дағы экс-шенеунік автобус жүргізушілері жүз грамм ұрттап алатынын жайып салды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1651458-ar-sozi-khit-bolatyn-shymkent-akimi-abdi.html