RU

Көкшетауда өз балаларын көшеге қуып шыққан әйел үйін жезөкше ордасына айналдырған

Көкшетауда балаларын көшеге қуып шыққан әйел ата-ана құқығынан айырылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Тамыз соңында Көкшетау тұрғындары қала шетінде далада түнеп жүрген баларды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған болатын. Он жасар қыз бен оның сегіз жасар інісі ағаш тақталарға жатып, картон қағаз немесе жыртық-жамау маталарды жамылып жүрген.

Ювеналды полиция хабарлауынша, отыз бір жастағы әйел ішімдікке салынып, педикулезге шалдыққан балаларға қарамай кеткен, ал үйі жезөкше ордасына айналған. Учаскелік инспектор мен әлеуметтік қызмет тағы екі баласы бар әйелге бірнеше рет ескерту жасапты.

Бұл жайттан соң ювеналды полиция деректер жинап, қамқоршылық органдары Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық сотқа арыз түсірген.

Сәрсенбі күні сот әйелді ата-ана құқығынан айыруға шешім шығарды.

Төрт баласы қамқоршылық органдарының қамқорлығына беріледі. Бұдан бөлек, қайырымсыз ана балаларына алимент төлеуге міндеттелді.

Тағы оқыңыздар:

Ақышев: Жыл басымен салыстырғанда теңге бағамы өзгерген жоқ

Дональд Трамп президент болғалы бері 600 млн доллар қаржысынан айрылған

Нығматулин министрге: Президент тапсырма берді, ал сіз керісінше істеп жатырсыз

Бесінші қабаттан секіріп кеткен ақтаулық әйел мен оның қызы полицейлерден қашқан

ОҚО-дағы экс-шенеунік автобус жүргізушілері жүз грамм ұрттап алатынын жайып салды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1651495-kokshetauda-oz-balalaryn-koshege-quyp-sh.html