RU

Ақмола облысында бетпе-бет соқтығысқан қымбат көліктердің сау-тамтығы қалмады

Ақмола облысында болған жол апатынан бір көліктегі 3 адамның екеуі қаза тапты. Онымен соғысқан екінші машинаның да жүргізушісі көз жұмған деп хабарлайды КТК арнасы.

Тас жолда қарама-қарсы келе жатқан Toyota Prado мен Лексус бір-бірімен бетпе-бет соғысқан. Бұл жерде қарсы бетке шығып кеткен Лексус екен. Олардың қатты соқтығысқаны сонша, екі джиптен де түк қалмаған. Сол жерде екі жүргізуші мен бір жолаушы көз жұмды.

Ал Прадода болған үшеудің бірі – Дмитрий Лощинин жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізіліпті. Бірақ дәрігерлер оны тексеріп болған соң үйіне қайтарған. Бірақ үйде түнімен ұйықтай алмай, сандырақтаған оны туысқандары ауруханаға қайта әкеліпті.

"Хирургке оны қалай үйге қайтарғансыңдар дедім. Қабырғалары сынған сияқты. Миы да шайқалған болуы керек. Немесе көз алдында адамдар өлгенін көріп, қатты шошынған. Аузына келгенін айтып сандырақтап, есін жинай алмай тұр", -  дейді зардап шегушінің апасы Марина Шарипова.

Тағы оқыңыздар:

Ақышев: Жыл басымен салыстырғанда теңге бағамы өзгерген жоқ

Дональд Трамп президент болғалы бері 600 млн доллар қаржысынан айрылған

Нығматулин министрге: Президент тапсырма берді, ал сіз керісінше істеп жатырсыз

Бесінші қабаттан секіріп кеткен ақтаулық әйел мен оның қызы полицейлерден қашқан

ОҚО-дағы экс-шенеунік автобус жүргізушілері жүз грамм ұрттап алатынын жайып салды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1651588-aqmola-oblysynda-betpe-bet-soqtyghysq.html