RU

Атышулы ресейлік тележүргізуші Путиннің рұқсатымен президенттік сайлауға түспекші (видео)

Ксения Собчак
Фото: UGC

Ксения Собчак Ресей президенті қызметіне өзін ұсынғанын ресми түрде жариялады. Тележүргізуші бес жылдан бері оппозиционерлермен бірге екенін, ондаған мың адам өзгеріс талап етіп, митингке шыққанымен, елде оң өзгерістер болмай отырғанын айтты деп хабарлайды Centralasian.org.

"Ұрылар мен жемқорлар өтірік айтуын, ал билік басындағылар ұрлауын доғарар емес", - деп мәлімдеді Собчак.

Ол президенттік сайлауға қатысу арқылы "барлығына қарсы дауыс беру" мүмкіндігін сайлаушыларға ұсынуды көздейді. "Ксения Собчак – барлығына қарсы үміткер", – деп мәлімдеді тележүргізуші.

Собчактың президенттік сайлауға үміткер болатыны қыркүйек айының басында белгілі болды. БАҚ мәліметіне қарағанда, тележүргізуші президент Владимир Путин әкімшілігінің рұқсатымен сайлауға бара жатыр.

Собчактың өзі Кремльмен келісімі бар дегенді жоққа шығарды. Сайлауға қатысқысы келетін оппозиционер Алексей Навальный тележүргізушіні сынап, "карикатуралық либерал үміткер" деп атады. Собчак Навальныйды оппозицияның ыдырауына айыпты деп сынады, дегенмен "күш біріктіруге" шақырды.

Петербургтың бұрынғы басшысы Анатолий Собчактың қызы 2004 жылдан бері ТНТ телеарнасының "Дом-2" шоуын жүргізген. Жақында Собчактың әкесі туралы деректі фильм түсіретіні, оған Ресей президенті де қатысатыны белгілі болды.

Тағы оқыңыздар:

Астанада Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлері кездесті

Ақмола облысында бетпе-бет соқтығысқан қымбат көліктердің сау-тамтығы қалмады

Желаяқ қыз биік өкшелі туфлимен 42 шақырым жүгіріп, қарсыластарын шаң қаптырып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1651687-atyshuly-reseylik-telezhurgizushi-puti.html