RU

Әкесінің қымбат көлігін айдаған бойжеткен бағдаршамда тұрған 11 адамды таптап өтті

машины
Фото: Twitter

Украинаның Харковь қаласында қымбат көлік мінген 20 жастағы бойжеткен бағдаршамда тұрған 11 адамды таптап өтті. Олардың алтауы көз жұмып, қалған бесеуі ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды New Times.kz басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жергілікті полиция қызметінің Facebook парақшасында мәлімдегеніндей, олар түрлі дәрежедегі жарақаттар алыпты.

Оқиға жергілікті уақытпен сағат 20:45-те болған.  Lexus көлігін тізгіндеген қыз бағдаршамның өтпек болып дайындалып тұрған адамдарды таптап кеткен.

Қазіргі таңда жол-көлік апатына жол берген жүргізуші қамауға алынып, тергеу-оперативті топ жұмыс жасауда.

Кейіннен көлік жүргізуші 1997 жылы туған азаматша екенін анықталды. Ол әкесіне тиесілі көліктің рөліне отырған.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаевпен кездескен шетелдік дипломаттар қазақша сөйледі

Ақмола облысында бетпе-бет соқтығысқан қымбат көліктердің сау-тамтығы қалмады

Желаяқ қыз биік өкшелі туфлимен 42 шақырым жүгіріп, қарсыластарын шаң қаптырып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1651700-qymbat-kolik-mingen-boyzhetken-baghdar.html