RU

Қазақстан шекарасын жауып тастаған соң қырғыздар Дүние жүзі сауда ұйымына шағымданған

Флаг Киргизии
Фото: UGC

Қырғызстан билігі Қазақстанмен арадағы шекара дауына байланысты Дүние жүзі сауда ұйымына хат жолдады. Хат қазан айының 17-сі күні Қазақстан тарапының шекараны жауып тастауына байланысты жолданған деп жазады QazaqTimes.kz.

«Қазақстан Республикасы Дүние жүзі сауда ұйымының сауда және тариф келісіміне қарамастан қазан айының 10-ы күні Қазақстан-Қырғызстан, Қазақстан-Ресей шекараларын себепсізден-себепсіз жауап тастады. Қырғыз билігі Қазақстан Республикасы сияқты Дүние жүзі сауда ұйымының толыққанды мүшесі ретінде ұйым аясында өз құқығын қорғайтын болады», - делінген қырғыз билігі жібірген хатта.

Қырғыз үкіметі баспасөз қызметінің таратқан мәліметі бойынша, Қазақстан билігі ел шекарасын жауып тастағалы бері «Ақ-жол» және «Ақ-тілек» бекеттерінен өтетін жүк тасмалы 2,4 есеге азайған.

Естеріңізге салайық, Қазақстан қазан айының 10-ы күні Қырғызстанмен арадағы шекарасын күшейтілген режимге көшірген болатын.

Тағы оқыңыздар:

Астанада Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлері кездесті

Ақмола облысында бетпе-бет соқтығысқан қымбат көліктердің сау-тамтығы қалмады

Желаяқ қыз биік өкшелі туфлимен 42 шақырым жүгіріп, қарсыластарын шаң қаптырып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1651703-qazaqstan-shekarasyn-zhauyp-tastaghan-s.html