RU

Он жасқа толмай жатып тәнін саудалайтын кениялық қыздар әлем жұртшылығын шошытты

Әрбір оныншы кениялық әйел жезөкшелікпен 8-9 жасынан бастап айналысады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Мишель атты 15 жастағы қыздың бүгінде екі баласы бар.

«Мен бірінші баламды босанған кезде 12 жаста болатынмын. 14 жасқа толып 7 сынып оқып жүрген кезімнен мектепті тастап кеттім, себебі менің кітап, мектеп формасын және тамақ сатып алатын ақшам болмады.

Заң бойынша, кәмелет жасқа толмаған қыздар ресми түрде жұмысқа орналаса алмайды. Егер менің жақсы жұмысым болса мен оны барынша тырысып істейтін едім. Маған біреулер тап бере ме немесе соққыға жығады ма деп, тіпті, өлтіріп кетеді ме деп қатты қорқамын», - дейді Мишель.

Бүгінгі таңда Кения жыныстық қатынаста қызмет көрсететін елдер арасында жетінші орында тұр.

Коммерциялық емес ұйым координаторы Чаро Янгайдың айтуынша, ата-аналары балаларының немен айналысып, қалай өмір сүріп жүргендеріне мүлдем бастарын ауыртпайды, оларға бәрібір екен.

Сондықтан да олар тамақ тауып келу үшін кетіп қалады. 5-10 минуттық қызмет үшін 50 шиллинг (0,5 доллар). Қыздар таңнан кешке дейін осылай қызмет көрсетіп, жұмыс істеуге мәжбүр. Олар күніне ең көп дегенде 15 доллар ақша таба алады.

Кения халқының жартысынан көбісі кедейлік өмірді сүруде. Ал жас қыздардың көпшілігі бала туып жатып көз жұмады. Бұл жағдайды қалай да қалыпқа келтіру үшін жергілікті қорлар жыныстық қатынас көрсету үшін түрлі сабақтар өткізеді екен.

Белгілі болғандай, Кенияда 1,7 миллион адам ВИЧ ауруына шалдыққан. Олардың көпшілігі 30 жасқа жетпей көз жұмады.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаевпен кездескен шетелдік дипломаттар қазақша сөйледі

Роналдумен бір күн: Америка тұрғыны атақты футболшы үшін 32 мың еуросын қиды

Әкесінің қымбат көлігін айдаған бойжеткен бағдаршамда тұрған 11 адамды таптап өтті

Шекарада есірткімен ұсталған қырғыз офицері Қазақстанда бір ай қамауда отыратын болды

Атышулы ресейлік тележүргізуші Путиннің рұқсатымен президенттік сайлауға түспекші (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1651724-zhasqa-tolmay-zhatyp-tanin-saudalayt.html