RU

Роналдумен бір күн: Америка тұрғыны атақты футболшы үшін 32 мың еуросын қиды

Калифорнияның (АҚШ) тұрғыны мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналдумен бірге бір күн өткізу үшін португалиялық футболшы ұйымдастырған қайырымдылық қорына 32 мың еуро бөлді. Бұл туралы Bild басылымы хабарлайды.

Америкалық азамат Испания біріншілігіндегі "Реалдың" өз алаңында өткізетін ойынына VIP орыннан екі билет сатып алған. Оған сонымен қатар мадридтік клубтың жаттығуына да келіп, Роналдумен суретке түсіп, жаттығудан кейін онымен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік беріпті.

Еске салайық, бұған дейін Роналду Еуропа жеріндегі ең бай деген танымал тұлғалардың тізімінде екінші орынға жайғасқан болатын. Басылымның мәліметі бойынша, 2017 жылы португалиялық шабуылшының табысы 93 миллион доллар болған. Бұл тізімде бірінші орында жазушы Джоан Роулинг жайғасқан.

Айта кетейік, 2017/18 жылғы маусымда Роналду "Реал" сапында 9 кездесуге қатысып, 11 гол соққан.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаевпен кездескен шетелдік дипломаттар қазақша сөйледі

Оралда биіктен құлап кеткен жұмысшы темір қоршауға қадалып қалды

Ақмола облысында бетпе-бет соқтығысқан қымбат көліктердің сау-тамтығы қалмады

Қазақстан шекарасын жауып тастаған соң қырғыздар Дүние жүзі сауда ұйымына шағымданған

Атышулы ресейлік тележүргізуші Путиннің рұқсатымен президенттік сайлауға түспекші (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1651726-ronaldumen-bir-kun-amerika-turghyny.html