RU

Сағынтаев Қырғызстан премьерімен болған келіссөзден кейін мәлімдеме жасады (видео)

Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан үкіметі делегациясымен болған кездесудің қорытындысын шығарды.

Сағынтаевтың айтуынша, тараптар шекаралық, көлік қатынасы, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылауға қатысты екі жақты экономикалық қатынастардың проблемаларын талқылады.

Сапар Исаков басшылық еткен Қырғызстан делегациясы Астанаға кеше кешкілік келіп жеткен болатын.

Делегация құрамына бірінші вице-премьер-министр Толқынбек Абдығұлов, Сыртқы істер министрі Эрлан Әбділдаев, Қаржы министрі Әділбек Қасымалиев, Экономика министрі Артем Новиков, Мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы Азамат Сүлайманов бар.

Оған қоса, Астанаға Мемлекеттік салық қызметінің төрағасы Октябрь Әбдықаимов, экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметтің төрағасы Замирбек Осмонов, Мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы Медетбек Айдаралиев, Мемлекеттік шекара қызметі төрағасының орынбасары Құрманбек Исаков және басқалар да келді.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаевпен кездескен шетелдік дипломаттар қазақша сөйледі

Оралда биіктен құлап кеткен жұмысшы темір қоршауға қадалып қалды

Ақмола облысында бетпе-бет соқтығысқан қымбат көліктердің сау-тамтығы қалмады

Қазақстан шекарасын жауып тастаған соң қырғыздар Дүние жүзі сауда ұйымына шағымданған

Атышулы ресейлік тележүргізуші Путиннің рұқсатымен президенттік сайлауға түспекші (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1651762-saghyntaev-qyrghyzstan-premerimen-bo.html