RU

Маржан Арапбаева: Тойда қолыма тапанша ұстап тұрып өлең айтқан кезім болған

Хабар арнасындағы "Тікелей эфир" бағдарламасына қонақ болып келген Маржан Арапбаева тойдағы қызық оқиғаларының бірімен бөлісті. Әншінің айтуынша, қаладағы  сүндет тойлардың біріне барғанда қолына бейтаныс кісі тапаншасын ұстатып қойып,әншіні ары-бері жұлқылап билеген деп хабарлайды NUR.KZ.

"Сүндет тойға барғанмын, ол жерде  "Тәттім -ау" деген бір әнді айтып жатырмын. Өзімнің дәстүрім бойынша мен жарықтың ақ-сары, қызыл-жасыл болып тұрғанын ұнатамын. Сөйтіп халық шығып билесін деп ойымда ештеңе жоқ әнімді айтып тұрмын, қап-қараңғы бәрі билеп жатыр.

Бір уақытта өзім қатарлы бір жігіт келді. Грузиндер сияқты би билеп жатыр. Мына кісі суретке түсейін деп тұр ма, әлде алдыма тұрып алып, жай билеп тұр ма мына кісі деп ойлап тұрмын.

Бір уақытта билеп тұрды да қолыма ауыр бір затты бере салды. Қарап қалсам қап-қара тапанша, өзі өте сондай ауыр. Соны ұстатып қойып, ары қарай билеп жүр",- дейді әнші.

Қолындағы шынайы тапаншаны көргенде Маржан сасқалақтап қалғанын айтты. Кейіннен әншінің қолындағы тапаншасын байқап қалған қонақтардың бірі оны иесіне қайтартып алдырған.

"Бір үлкен кісі жаныма жүгіріп келді. Басында бөрігі бар, ұлттық киімдегі ата жаңағы тапаншаның иесіне барып: "ал" деді.  Жаңағы жігіт қолымнан тапаншасын алып, беліне қайта қыстырып қойды",- деді Маржан Арапбаева.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаевпен кездескен шетелдік дипломаттар қазақша сөйледі

Оралда биіктен құлап кеткен жұмысшы темір қоршауға қадалып қалды

Ақмола облысында бетпе-бет соқтығысқан қымбат көліктердің сау-тамтығы қалмады

Қазақстан шекарасын жауып тастаған соң қырғыздар Дүние жүзі сауда ұйымына шағымданған

Атышулы ресейлік тележүргізуші Путиннің рұқсатымен президенттік сайлауға түспекші (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1651774-marzhan-arapbaeva-toyda-qolyma-tapansh.html