RU

Жол апаты кезіндегі қиындықтарын еске алған Ернар Айдар көз жасына ерік берді

Кеше ғана барша қазақстандықтарға сүйіктісін көрсеткен Ернар Айдар бірнеше ай бұрын ауыр жол апатына түсіп, бір ажалдан аман қалған болатын. Хабар арнасындағы "Тікелей эфир" бағдарламасына келген әнші ауыр күндерін есіне түсірген сәтте еріксіз көзіне жас алды.

"Сол кезде денсаулықтың қадірін білдім. Тіпті әжетханаға жете алмаймын, достарым апарып – әкеліп тұрды. Себебі өзім жүре алмадым. Еске түссе, көзден күніге жас шығады. Өткеніңді ойлайсың, енді денсаулығым келсе, бәрі басқаша болады деп ойлайсың.

Әуелі Алла, одан кейін дәрігерлердің шешімі аман алып қалды. Мен ота жасатуға қарсы болғанмын, бірақ дос дәрігерім жасайық деп қоймай қойды. Егер ол отаны жасатпасам мен бір жылдан кейін аяқпен жүре алмайтындай жағдайда боласың деген әңгімелер болды.  Ата–анама рақмет, әкем келіп кесіп-кесіп шешім айтты, тілеуімді тілеген халыққа рақмет», - деді көз жасына ерік берген Ернар.

Әнші әкесінің осындай үлкен сынақтың артынан қуаныш болады деп айтқаны тура келіп, денсаулығы орнына келгеннен кейін шаңырақ құрғанын айтты.

«Балам бұл үлкен сынақ. Бұдан кейін үлкен қуаныш болады, көңілім мен жүрегім сезеді» деді. Әкемнің айтқаны келді. Кейін келін түсіріп, үлкен той жасадық»- деді әнші.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаевпен кездескен шетелдік дипломаттар қазақша сөйледі

Роналдумен бір күн: Америка тұрғыны атақты футболшы үшін 32 мың еуросын қиды

Әкесінің қымбат көлігін айдаған бойжеткен бағдаршамда тұрған 11 адамды таптап өтті

Шекарада есірткімен ұсталған қырғыз офицері Қазақстанда бір ай қамауда отыратын болды

Атышулы ресейлік тележүргізуші Путиннің рұқсатымен президенттік сайлауға түспекші (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1651856-zhol-apaty-kezindegi-qiyndyqtaryn-esk.html