RU

Энергетика министрлігі АИ-92 бензині қанша теңгеге қымбаттайтынын айтты

12Бүгiн сенатта Энергетика вице-министрi Бақытжан Жақсалиев бензин бағасы 165 теңгеге дейiн қымбаттауы мүмкiн екенiн айтты деп хабарлайды Baq.kz.

«Халық пен ел экономикасын мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету бас ауруына айналған мәселе. Екi күн бұрын Үкiмет отырысында кезектi рет бензин жеткiзiлiмi мәселесi қаралды. Өздерiңiз бiлесiздер, қазiр негiзгi мұнай өңдеу зауыттарында жұмыстар аяқталуға жақын қалды. Бiздiң индикаторлар келесi - бiз 2018 жылы мұнай өңдеу көлемiн 15 млн тоннаға жеткiзуiмiз керек. Осылайша, елдегi барлық сұранысты жауып, отын тапшылығын болдырмауымыз керек.

Қазiр мұнай өңдеу зауыттарындағы барлық жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргiзiлуде. Қараша айының соңында мұнай өңдеу зауыттарында барлық жөндеу жұмыстары аяқталады. Бiз жөндеу жұмыстары тәмамдалған соң жағдайды реттеймiз деп ойлаймын. Ал қазiргi таңда нарықтағы бензин жеткiзiлiмiн тұрақтандыру мақсатында Қазмұнайгаз Ресей Федерациясы нарығынан қажеттi мөлшерде бензин сатып алды.

Әрине, ол жақта баға Қазақстандағы бағадан бiршама қымбат. Қазмұнайгаз шығынға ұшырап отыр. Бұл шығын толығымен ақталмайды. Сондықтан қазiр бензин бағасы бiраз қымбаттап жатыр. Бiз бензин бағасы 165 теңге деңгейiнде болады деп болжап отырмыз», - дедi вице-министр.

Еске сала кетсек, бұған дейiн Энергетика министрi Қанат Бозымбаев пен Қазмұнайгаз басшылығы бензин бағасы қымбаттайды деп мәлiмдеген болатын. Қазiр АИ-92 бензинiнiң бағасы 158 теңге тұрады.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаевпен кездескен шетелдік дипломаттар қазақша сөйледі

Роналдумен бір күн: Америка тұрғыны атақты футболшы үшін 32 мың еуросын қиды

Әкесінің қымбат көлігін айдаған бойжеткен бағдаршамда тұрған 11 адамды таптап өтті

Шекарада есірткімен ұсталған қырғыз офицері Қазақстанда бір ай қамауда отыратын болды

Атышулы ресейлік тележүргізуші Путиннің рұқсатымен президенттік сайлауға түспекші (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1652036-energetika-ministrligi-ai-92-benzini-qa.html