RU

Оралда шатырдан құлап, темір шарбаққа қадалған ер адамға алты сағат бойы ота жасаған

Оралда шатырдан темір шарбаққа құлап кеткен жұмысшыға алты сағат бойы операция жасалған деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Аурухана берген мәлімет бойынша, ер адамды ауруханаға темір шарбақпен бірге алып келген, шарбақтың өткір ұштары оның қарнын тесіп кетіпті.

Дәрігерлердің сөзіне сүйенсек, шарбақты ауруханаға жеткенше алып тастаса, ер адамның тірі қалуы екі талай еді. Қазір зардап шегушінің хәлі аса ауыр.

Қайғылы оқиға болған "Бавария" кафесінің иесі мән-жайды айтып берді.

Шатырда құрылыс жұмыстарын орындап жатқанда, ер адам сақтандыру арқанын тағып алыпты. Кейін шешіп тастаған кезде, аяғы шалынып, төменге құлап кеткен.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде зардап шегушіге қан тапсыру қажеттігі туралы ақпарат таратылған болатын. Ауруханадағылар қанның жеткілікті екенін атап өтті.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаевпен кездескен шетелдік дипломаттар қазақша сөйледі

Роналдумен бір күн: Америка тұрғыны атақты футболшы үшін 32 мың еуросын қиды

Әкесінің қымбат көлігін айдаған бойжеткен бағдаршамда тұрған 11 адамды таптап өтті

Шекарада есірткімен ұсталған қырғыз офицері Қазақстанда бір ай қамауда отыратын болды

Атышулы ресейлік тележүргізуші Путиннің рұқсатымен президенттік сайлауға түспекші (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1652052-oralda-shatyrdan-qulap-temir-sharbaqqa.html