RU

Астана тұрғыны ұрыс кезінде намысына тиген адамның көзіне қайшы тығып алды

Астана тұрғыны намысына тиген адамның көзіне қайшы тығып алған деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, астаналық тұрғын жанжал кезінде жәбірленушінің көзіне қайшы тығып алған.

«2017 жылғы сәуір айында Астанадағы тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде Б. Мен Н. арасында кикілжің болады. Содан кейін Б. азамат Н.-ға ар-намысына тиетін былапыт сөздер айтады. Н. болса қарсылық білдіріп, оны есікке қарай итермелейді. Сол кезде Б. маникюрге арналған қайшыны алып, Н.-ның сол жақ көзіне қасақана тығып алады. Соның салдарынан азамат Н. бір көзінен айырылған», - деп жазылған хабарламада.

Астана қаласындағы Алматы аудандық №2 сотының үкімімен азамат Б. Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оны 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаевпен кездескен шетелдік дипломаттар қазақша сөйледі

Роналдумен бір күн: Америка тұрғыны атақты футболшы үшін 32 мың еуросын қиды

Оралда шатырдан құлап, темір шарбаққа қадалған ер адамға алты сағат бойы ота жасаған

Шекарада есірткімен ұсталған қырғыз офицері Қазақстанда бір ай қамауда отыратын болды

Атышулы ресейлік тележүргізуші Путиннің рұқсатымен президенттік сайлауға түспекші (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1652077-astana-turghyny-urys-kezinde-namysyna.html