RU

Моңғолияда министр болған қазақ азаматтары кім? (фото)

Жақында Моңғолияның жаңадан жасақталған Үкіметінің министрлер кабинетіне сол елдегі қандасымыз Бәделхан Қабдісіләмұлының аты ұсынылған болатын. Осы орайда "Қамшы" порталы Моңғолия Республикасында қазірге дейін министрлік қызметті атқарған қазақтарды ұсынады.

Тілейхан Орынұлы

Моңғолия қазақтары арасынан тұңғыш рет 1962-1965 жылы, 1968-1982 жылдары Моңғол Халық Республикасының Құрылыс министрі қызметін атқарған. Kaznews.mn сайтының хабарлауынша, құрылыс саласына сіңірген еңбегі үшін Ұланбатыр қаласындағы Құрылыс политехникалық коллежі бүгінгі таңда қандасымыздың атымен аталады.

Мәулет Ұтқанұлы

Қандасымыз 1980-1987 жылдары Геология, тау-кен министрі, 1987-1991 жылдары Табиғат қорғау министрі болған. Налайхан шахтасының дамуына зор үлес қосқан Мәулет Ұтқанұлы онда жаңа техника мен технологиялық жаңартуды енгізгені үшін «Мемлекеттік сыйлық иегері» атанған.

Зардыхан Қинаятұлы

Моңғолияның тоталитарлық жүйеден нарықтық жүйеге ауысу кезеңінде, яғни 1991-1992 жылдары Моңғолияның Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары қызметін Зардыхан Қинаятұлы атқарған.

Сандалхан Раздықұлы

1992-1996 жылдары Моңғолияның Көлік-коммуникация және инфрақұрылым министрі болған. Сандалхан Раздықұлы Моңғолия Парламентіне Баян-Өлгейден екі мәрте сайланған.

Моңғол елінде вице-министрлік қызметті атқарған қандастарымыз:

Тегісшіл Адрисаұлы – Геология, тау кен өнеркәсіп, вице-министрі;

Төлеубай Нығарбайұлы – Құрылыс вице-министрі;

Ахмет Жұпбайұлы – Мәдениет вице-министрі;

Құсайын Қалқымаұлы – Жеңіл және азық түлік өнеркәсіп вице-министрі;

Болат Ажханұлы – Табиғат қорғау вице-министрі;

Күләнда Шонайқызы – Білім және ғылым вице-министрі;

Сәуле Жәнімханқызы – Азық түлік, ауыл шаруашылық және жеңіл өнеркәсіп вице-министрі;

Ержан Қабышайұлы – Жол транспорт вице-министрі;

Бәделхан Қабдісіләмұлы – Өнеркәсіп вице-министрі.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаевпен кездескен шетелдік дипломаттар қазақша сөйледі

Роналдумен бір күн: Америка тұрғыны атақты футболшы үшін 32 мың еуросын қиды

Әкесінің қымбат көлігін айдаған бойжеткен бағдаршамда тұрған 11 адамды таптап өтті

Шекарада есірткімен ұсталған қырғыз офицері Қазақстанда бір ай қамауда отыратын болды

Атышулы ресейлік тележүргізуші Путиннің рұқсатымен президенттік сайлауға түспекші (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1652086-monhgholiyada-ministr-bolghan-qazaq-azam.html