RU
91 тобын мазақ қылған Тұрсынбек Қабатов желі қолданушыларына жақпай қалды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

91 тобын мазақ қылған Тұрсынбек Қабатов желі қолданушыларына жақпай қалды (видео)

Расказать Вконтакте

91 тобының әнін сынға алған Тұрсынбек Қабатов желі қолданушыларына жақпай қалды. Әзілкеш топ жанкүйерлерінің жеңіл әнге еріп, концертке кіре алмаған сырттағы қыздардыңжылағанына таңғалғанын жасырмады.  Аталған видео YouTube желісінде жарияланды.

91 тобын мазақ қылған Тұрсынбек Қабатов желі қолданушыларына жақпай қалды (видео)

Тұрсынбек Қабатов. Фото: instagram

"Күтпеген жерден 91 тобының кешіне барып қалдым. Ана жердегі жастардың көздерін көрсеңіздер ғой, құдды бір тоқсан бірінші жылы тәуелсіздік алғандай ғой. Ана 91 тобының әнінде дәм жоқ. "Айыптама мені" деп айқайлап жатыр. Далада кешке кіре алмаған үш жүз қыз атасының бейітіне кіре алмай қалғандай жылап жүр",- дейді Қабатов.

Әзілкеш тәуелсіздік жастарының патриоттық әндерге қызықпайтынына қынжылды.

"Мен тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Конгресс - холлда 25 жылға 25 дәстүрлі әнге арналған керемет ән кеші болды. Сол кешке мені қонаққа шақырды. Сол жастарды жаңағы концертке әкелді ғой. Бір сыныптың оқушыларын бір қатарға отырғызып, ана балалар шығып кетпес үшін  екі басына екі мұғалімді қаратып қойыпты. Балалардың түрлеріне қарасаңыз көңілдері толмай отырғаны білінеді. Ана екі мұғалімнің үстінен мектептің директоры, мектеп директорының үстінен департамент директоры қарап отыр. Біздің патриоттық әндерге деген тәуелсіздік жастарының қызығушылығы жоқ",- деді ол.

Видеоны көрген желі қолданушылары әзілкештің өзін сынға алып, мешітте туған күн тойлаған Қарақатты неге айтпайсыз деді.

"Тұрсынбек кімге әлі келеді, соны келемеждейді. Сын айтса өнер жұлдыздары көп қой. Мысалы, Қарақаттың мешітте жын ойнақ жасағаны, жас қыздардың үйлі -баранды еркекке тоқал болуы", "Сіз сол дәрежеге жетіп алыңыз", " 91-дің əндерін тыңдап көп жасөспірімдер қазақ тілінде сөйлеуді бастады, тіпті шетелдік тыңдармандарыда қазақ əндеріне қызығып жатыр, елімізде музыканы дамытып жаңа бағытта жұмыс жасап жатқан топ қой. Олардың шашында да киімінде де тұрған ештеңе жоқ",- деп жазған желі қолданушылары.

Тағы оқыңыздар: 

Энергетика министрлігі АИ-92 бензині қанша теңгеге қымбаттайтынын айтты

Моңғолияда министр болған қазақ азаматтары кім? (фото)

Ислам мемлекеті 11 қыркүйектегі қанды терактіні қайталаймыз деп қорқытты

Оралда шатырдан құлап, темір шарбаққа қадалған ер адамға алты сағат бойы ота жасаған

Алматы облысында дертке шалдыққан бес балалы ананы жанұясымен қоса ауылдан қуып жіберген

Сіздің реакцияңыз
17
6
3
4
5
80
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір