RU

Ақтөбеде өзін зорламақ болған жігіттен қашқан қыз екінші қабаттан секіріп кетті

Ақтөбеде 21 жастағы бойжеткен көпқабатты үйдің екінші қабатынан секіріп кетті. Ол өзін зорламақ болған ер адамнан осылайша қашып құтылмақ болған деп хабарлайды Керек инфо.

Оқиға 13 қазанға қараған түні ағайынды Жұбановтар көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Жалдамалы пәтерлердің бірінде болған қызды коммуналдық саладағы кәсіпорындардың бірінің қызметкері зорламақ болады.

Ер адамнан қашқан бойжеткен екінші қабаттан секіріп кеткен.

"Бойжеткен бізге 13 қазан күні таңғы сағат 8-дер шамасында түсті. Тексеруден өтті. Омыртқа жотасы сынып, табанынан жарақат алған. Қан құрамынан ішімдік анықталды. 17 қазан күні ол өз бетімен ауруханадан шығып кетті" , - дейді теміржол емханасы директорының орынбасары Гүлмира Құлжанова.

Тағы оқыңыздар: 

Энергетика министрлігі АИ-92 бензині қанша теңгеге қымбаттайтынын айтты

Моңғолияда министр болған қазақ азаматтары кім? (фото)

Ислам мемлекеті 11 қыркүйектегі қанды терактіні қайталаймыз деп қорқытты

Оралда шатырдан құлап, темір шарбаққа қадалған ер адамға алты сағат бойы ота жасаған

Алматы облысында дертке шалдыққан бес балалы ананы жанұясымен қоса ауылдан қуып жіберген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1652183-aqtobede-ozin-zorlamaq-bolghan-zhigitt.html