RU

Туристер кеткен соң ЭКСПО аумағында емін-еркін жүрген ешкілер елді күлдірді

Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің аяқталғанына да бір айдан астам уақыт өтті. Көрме ғимараттарының қаңырап бос қалмайтынын мемлекет басшысының өзі айтқан болатын деп жазады sn.kz.

Мұнда Астана қаржы орталығы орналасады. Сондай-ақ, ЭКСПО базасында болашақта "силикон" аңғары пайда болады деп күтілуде.

Ал дәл қазіргі уақытта ЭКСПО-ның аумағында ешкілер жайылып жүр. Көрме біткеннен кейін қырқылмаған көк шөпті "рахаттана" жеп жүрген жануарларды куәгерлердің бірі бейнекамераға түсіріп алған.

Көрме басшылары мен жергілікті билік өкілдері ешкілердің қайдан келгенін әлі айтқан жоқ. Видеороликті әлеуметтік желіде қызу талқылап жатқан желі қолданушылары болса үй жануарларының жақын маңда орналасқан саяжайлардан келуі мүмкін екенін айтуда.

А вы были на ЭКСПО?)

Публикация от © ZTB.KZ 2017 (@ztb_video) Окт 18 2017 в 1:02 PDT

Тағы оқыңыздар: 

Энергетика министрлігі АИ-92 бензині қанша теңгеге қымбаттайтынын айтты

Моңғолияда министр болған қазақ азаматтары кім? (фото)

Ислам мемлекеті 11 қыркүйектегі қанды терактіні қайталаймыз деп қорқытты

Оралда шатырдан құлап, темір шарбаққа қадалған ер адамға алты сағат бойы ота жасаған

Алматы облысында дертке шалдыққан бес балалы ананы жанұясымен қоса ауылдан қуып жіберген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1652335-turister-ketken-sonh-ekspo-aumaghynda-e.html