RU

БАҚ "шыны королі" Мұратхан Тоқмәдидің қылмыстық әлемі жайлы кеңінен баяндады

КТК арнасы "шыны королі" Мұратхан Тоқмәди жайлы деректі фильм түсірді.

Журналистер бизнесменнің туыстары, сыбайластары мен серіктестерінен сұхбат алып бизнесменнің бұрынғы қылмыстық әлемі жайлы кеңінен әңгімелейді.

"Менің әйелім маған қатысты тергеудің заңсыз тәсілдері қолданылғанын мәлімдеді. Алайда мен бұлай болмағанын айтқым келеді. Оны кейбір адамдар жаңылыстырған сондықтан да ол сондай мәлімдемелер жасады. Қазір тұрақты жұмыс істеп жатқан адвокаттар бар. Жауап берілуге тиіс фактілер бар", - дейді Тоқмәди КТК арнасының журналистеріне.

Сонымен қатар бизнесменнің бопсалау мен заңсыз қару сату айналымынан бөлек, танымал банкир Ержан Тәтішевтің де өліміне қатысы бар болуы мүмкін.

Бұл оқиғаның мән-жайы деректі фильмнің келесі бөлімінде баяндалмақшы.

Еске сала кетейік, бизнесмен Мұратхан Тоқмади 11 қазан күні үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Тағы оқыңыздар: 

Энергетика министрлігі АИ-92 бензині қанша теңгеге қымбаттайтынын айтты

Моңғолияда министр болған қазақ азаматтары кім? (фото)

Ислам мемлекеті 11 қыркүйектегі қанды терактіні қайталаймыз деп қорқытты

Оралда шатырдан құлап, темір шарбаққа қадалған ер адамға алты сағат бойы ота жасаған

Алматы облысында дертке шалдыққан бес балалы ананы жанұясымен қоса ауылдан қуып жіберген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1652362-baq-shyny-koroli-muratkhan-toqmadidinh-q.html