RU
Ерке Есмаханға Шудың сымбатты жігіті неке сақинасын ұсынды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ерке Есмаханға Шудың сымбатты жігіті неке сақинасын ұсынды (фото)

Расказать Вконтакте

Бір ғана "Қайдасың" әні қаралымы жағынан шетел жұлдыздарын басып озған Ерке Есмаханды жап-жас жігіт Астанаға өзі іздеп келді. Бұл жолы әншіге 20 жастағы Шу қаласының тұрғыны Хабар арнасындағы "Тікелей эфир" бағдарламасында неке сақинасымен ұсыныс жасады.

Ерке Есмаханға Шудың сымбатты жігіті неке сақинасын ұсынды (фото)

Ерке Есмахан мен Руслан. Скриншот: видеодан

Тікелей эфирге маска киіп келген 20 жастағы Руслан Еркеге сезімін білдіріп, тізерлей отырып ұсыныс жасады.

Ерке Есмаханға Шудың сымбатты жігіті неке сақинасын ұсынды (фото)

Еркеге сезімін білдірген Руслан. Скриншот: видеодан

"Сіздің "Қайдасың" әніңізді естігелі жүрегімде сезім ұялады.  Ол жігіт Алматыда да жоқ, Астанада да жоқ. Міне, Шудан келді",- деді ол Еркеге.

Күтпеген жерден өзіне сымбатты, әрі жас жігіт ұсыныс жасағанына таңғалған Ерке эфир барысында толқып, көзіне жас алды.

Ерке Есмаханға Шудың сымбатты жігіті неке сақинасын ұсынды (фото)

Ерке Есмахан. Скриншот: видеодан

"Хабарға келгені жақсы болыпты, әйтпесе сыртта жүріп ұсыныс жасаса жас жігіттің басын айналдырып алды дейтін еді. Былай сезімін білдіретін жігіттер көп, бірақ күн сайын ешкім сақина ұсынбайды ғой. Өзімді қыз сезініп, толқып отырмын" ,- деген Ерке толқыныстан көз жасына ерік берді.

Тағы оқыңыздар: 

Энергетика министрлігі АИ-92 бензині қанша теңгеге қымбаттайтынын айтты

Моңғолияда министр болған қазақ азаматтары кім? (фото)

Ислам мемлекеті 11 қыркүйектегі қанды терактіні қайталаймыз деп қорқытты

Оралда шатырдан құлап, темір шарбаққа қадалған ер адамға алты сағат бойы ота жасаған

Алматы облысында дертке шалдыққан бес балалы ананы жанұясымен қоса ауылдан қуып жіберген

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
51
15
15
12
16
361
13
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Загрузка...
Пікір