RU

Қазақстанның төрт аймағында дауылды ескерту жарияланды

20 қазан жұма күні Қазақстанның бірнеше аймақтарында қатты жел соғып, температура төмендейді деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Синоптиктер Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік батыстан соққан жел 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұл уақытта көктайғақ болып, тұман түседі, желдің күші 15-20, ұйытқуы 23 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 20 қазанда желдің күші 15-20, ұйытқуы 23-28 м/с дейін жетеді. Өскеменде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында батыстан соққан желдің күші 15-20, кей жерлердегі желдің ұйытқуы 23-28 м/с жетеді. Петропавлда 20 қазанда батыстан соққан желдің күші 15-20, ұйытқуы 23 м/с жетеді.

Сонымен қатар синоптиктердің болжамынаша, жақын тәулікте республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде жауын жауады. Суық фронттың артынан Кавказ ауданынан антициклон таралады, соған байланысты республика аумағында жауын-шашын тоқтап, температура төмендейді.

Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аймақтарынан Батыс Сібірге қарай кезекті циклон жылжып келеді. Ол Қазақстаннан алыс орналасқан болса да, оған кіретін арктикалық атмосфералық фронттар жүйесі 20-21 қазан аралығында республиканың батыс және солтүстік облыстары арқылы жылжитын болады, соның әсерінен жауын-шашынды болады.

Тағы оқыңыздар: 

Энергетика министрлігі АИ-92 бензині қанша теңгеге қымбаттайтынын айтты

Моңғолияда министр болған қазақ азаматтары кім? (фото)

Ислам мемлекеті 11 қыркүйектегі қанды терактіні қайталаймыз деп қорқытты

Оралда шатырдан құлап, темір шарбаққа қадалған ер адамға алты сағат бойы ота жасаған

Алматы облысында дертке шалдыққан бес балалы ананы жанұясымен қоса ауылдан қуып жіберген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1652459-qazaqstannynh-tort-aymaghynda-dauyldy.html