RU

Еліміздің дәрігерлері 2019 жылдан бастап қағазбастылықтан арылмақшы

2018 жылдан бастап Қазақстанда электрондық денсаулық паспорты жүйесі кезең-кезеңімен енгізілмек. Аталған жоба дәрігерлерге науқастардың денсаулық жағдайын емдеу мекемесіне келмей тұрып толығымен зерттеуге, азаматтардың бұған дейін науқастанған сырқат түрлерімен танысуға жол ашады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Науқастар енді қағаз түріндегі жазбаны алу үшін немесе олардың денсаулық жағдайын сипаттайтын медициналық картаға қол жеткізу үшін, емханаларды шарлап, денсаулық сақтау мекемелерінің табалдырығын тоздырмайтын болады.

2018 жылдан бастап енгізілетін электронды денсаудық сақтау паспорты аталған олқылықтың орнын толтырып, дәрігерлерге науқастың денсаулығына қатысты барлық «деректі» алдын-ала біліп отыруға мүмкіндік бермек. Бұл туралы арнайы брифингте «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының» директоры Олжас Әбішев мәлімдеді.

«Электронды денсаулық сақтау технологиясы тұрғындар денсаулығын қашықтықтан бақылауға, науқастар арасындағы ақпаратты жылдам таратуға мүмкіндік береді. Жалпы, бүгінде науқастар емханаға барған уақытта, дәрігерге қажет жазбаларды жинауға көп уақыт жоғалтып жатады. Сол себепті, электронды денсаулық паспорты осы олқылықтың орнын толтырып, науқастардың уақытын үнемдейді, демек, емханалардағы кезек мәселесін шешуге жол ашады», - дейді Әбішев.

Сондай-ақ, ол брифинг барысында «Патронаждық мейіргер» жобасы жайлы тың ақпараттармен бөлісті.

«Бұл жоба «Юнисефпен» бірігіп әзірленді. Қазіргі таңда жоба Қызылорда облысында арнайы бақылаудан өтуде. Жобаның басты мақсаты – жасы екі жасқа толмаған жас аналарға емхана көмегіне жүгінбей-ақ, мейіргердің үйге келуі арқылы бүлдіршін екпелері, аурулары, дамуы туралы ақпаратты ұялы қосымшаға енгізу болып табылады», - деп түсіндірді белгілі шенеунік.

Тағы оқыңыздар: 

Энергетика министрлігі АИ-92 бензині қанша теңгеге қымбаттайтынын айтты

Моңғолияда министр болған қазақ азаматтары кім? (фото)

Ислам мемлекеті 11 қыркүйектегі қанды терактіні қайталаймыз деп қорқытты

Оралда шатырдан құлап, темір шарбаққа қадалған ер адамға алты сағат бойы ота жасаған

Алматы облысында дертке шалдыққан бес балалы ананы жанұясымен қоса ауылдан қуып жіберген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1652488-qazaqstanda-2019-zhyldan-bastap-nauqastar.html