RU

Әлемдегі барлық миллиардердің дәулеті қанша мемлекеттің жылдық табысына тең?

Әлемдегі 2,5 мың миллиардердің жалпы дәулеті 7,7 трлн доллардан асады. Бұл қаражат әлем бойынша 4-5 елдің жалпы ішкі өніміне тең. Бұл деректі БҰҰ әлем тұрғындары саласындағы қор (UNFPA) өкілі Ричард Коллодж өзінің "Түрлі әлемдердегі өмір" деп аталатын баяндамасында мәлім етті деп жазады islam.kz.

Аталмыш баяндамада әлеуметтік-экономикалық теңсіздікке айрықша мән берілген.

"Бүгінгі таңда әлемдегі 2473 миллиардердің жалпы дәулеті әлемнің 4-5 елінің жалпы ішкі өніміне тең болған. Бұл артықшылық кейбірінің миллиард доллар бюджетке ие болып отырғандығын білдіреді, ал жүз миллиондаған адам күніне 1,25 долларға күнін көруге мәжбүр. Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық мемлекеттердің экономикасына, ал ол өз кезегінде қоғам дамуына қауіп төндіріп отыр", - дейді баяндамашы.

Айта кетейік, UNFPA баяндамасында әлем миллиардерлерінің барлық дәулетін шотқа салып, қаржы активтерін бағалаған Wealth-X талдау орталығының мәліметтері келтірілген.

Тағы оқыңыздар: 

Қазақстанның төрт аймағында дауылды ескерту жарияланды

Отбасымен ұры шымкенттік жанұя полицейлерді аяғынан тік тұрғызды (фото, видео)

Құдайдың құдіреті: Көлігіне алып кран құлаған жүргізуші аман қалды

Ақтөбеде өзін зорламақ болған жігіттен қашқан қыз екінші қабаттан секіріп кетті

Ерке Есмаханға сымбатты Шудың жігіті неке сақинасын ұсынды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1652654-alemdegi-barlyq-milliarderdinh-daule.html