RU

Әлемдегі ең бай адам 30 жылдан соң ненің маңызды болмай қалатынын айтты

Бүгінгі таңда әлемге әйгілі Alibaba Group корпорациясының негізін қалаушы, Қытайдың ең дәулетті азаматы Джек Ма Мәскеу қаласында өткен "Сандық экономика. Қоғам, бизнес, мемлекет" деп аталатын маңызды шараға қатысып, мінберден сөз алды. Бұл туралы islam.kz жазады.

Ол енді бір отыз жылдан кейін мұнайдан да маңызды болып, интернеттің алдыңғы орынға шығатынын мәлімдеді.

"Интернет пен сандық технология келешекте көптеген проблеманың шешіміне айналады. Бұл тұрақты даму үстінде болады, әрі адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай тудырады. Әлдебір жерде басымдыққа ие 60 компания бар шығар, алайда, жастар мына өмірде өз орнын тапқысы келеді. Бүгінгі таңда жаһандану бір келкі жүріп жатқан жоқ. Көп ұзамай адамзаттың 80 пайызы интернетке қосылатын болады, біз бұл фактіні ескеруіміз керек.

Электорнды коммерция мен электронды экономика шекараны жояды. Өндіріс ошақтары жаңа жұмыс орындарын ашады, өндіріспен жасанды интеллекті шұғылданады; адамдар басқа нәрсемен айналысады. Мен болашаққа нық сеніммен қарайтын адаммын. Егер біз балалардың ескі әдіспен оқытатын болсақ, оның дұрыстығына күмәнмен қараймын. Жылдамдығы зор машинамен жарысуға болмайды", - деп мәлімдеді 53 жастағы қытайлық миллиардер.

Осылай дей келе ол: "интеллектіде машинамен тайталасуға болмайды, өйткені, олар бізден бәрібір ақылды болып шығады".

Десе де ол роботтар мен жоғары технология адами факторды алмастыра алмайтынын да тілге тиек етті. Өйткені, оның айтуынша, адамдардың өз құндылығы бар.

"Біз адамдарға ұқсас роботтарды шығарармыз, алайда, машина машина болып қалады, адам адам болып қалады", - деді артынша.

Айта кетейік, әлемдегі қалталылардың шотын қағып, аты-жөнін түгендеп отыратын Forbes журналы Джек Маның дәулетін (биылғы көрсеткіш бойынша) 39,1 млрд долларға бағалаған екен.

Тағы оқыңыздар: 

Қазақстанның төрт аймағында дауылды ескерту жарияланды

Отбасымен ұры шымкенттік жанұя полицейлерді аяғынан тік тұрғызды (фото, видео)

Құдайдың құдіреті: Көлігіне алып кран құлаған жүргізуші аман қалды

Ақтөбеде өзін зорламақ болған жігіттен қашқан қыз екінші қабаттан секіріп кетті

Ерке Есмаханға сымбатты Шудың жігіті неке сақинасын ұсынды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1652676-alemdegi-enh-bay-adam-otyz-zhyldan-keyin.html