RU

Қазақ-қырғыз шекарасында сегіз шақырымға созылған кептеліс желіде қызу талқыға түсті

Қазақстан мен Қырғыстан шекарасындағы сегіз шақырымға созылған көліктер легін арнайы дрон арқылы түсіріп алған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Екі ел арасында ұзақ уақыт бойы кептелісте тұрғандар желі қолданушыларының талқысына түсті. Кейбіреуі көлік жүргізушілеріне "обал болғанын" айтып, тезірек жол ашылуын тілесе, енді бірі керісінше шекараны мүлде жауып тастауды ұсынды.

Естеріңізге сала кетсек, қазақ-қырғыз шекарасындағы күрделі ахуал 10 қазанда басталған болатын. Бірқатар шекара бекеттерінде үлкен кезек пен көлік кептелістері байқалды.

Бұдан бөлек, Қазақстан қырғыз елінен келетін азық-түлік өнімдерін ветеринарлық бақылауды күшейтіп, бес сүт зауытының өнімін импорттауға тыйым салды. Сондай-ақ, зиянкестер табылған жеміс-жидек партиясын ел аумағына кіргізбей қойды.

18 қазанда Қырғызстанның премьер-министрі Сапар Исаков бастаған үлкен делегация Астанаға келіп, үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевпен кездесті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар бірқатар мәселе бойынша келісімге келген.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да әкімнің орынбасары пара алып жатқан жерінен ұсталды

Еліміздің дәрігерлері 2019 жылдан бастап қағазбастылықтан арылмақшы

Өзбекстанда киім ұрлаған қызды шешіндіріп жазалағандар елді шошытты (видео)

Әлемдегі барлық миллиардердің дәулеті қанша мемлекеттің жылдық табысына тең?

Ақтөбелік ана баласын дәрігерлердің "сал қылып тастағанын" айтып, күйінді (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1652752-qazaq-qyrghyz-shekarasynda-segiz-shaqyr.html