RU

Жалақысы тағы да көтерілетін депутаттар қазынаның ақшасы қайда кететініне бас қатырмаған

Депутаттар алдағы үш жылдың шығыны мен кірісін бүгін үш сағатта есептеп берді. Мемлекет қаржысының әр тиыны қайда жұмсалатынын Бақытжан Сағынтаев бастап келген Үкімет мүшелерінен сұрауы тиіс мәжілісмендер бастарын көп қатырмастан мақұлдаған. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алдағы үш жылдың бюджетін бекіттіріп алу үшін Мәжіліске премьер министр Бақытжан Сағынтаев бастаған Үкімет мүшелері түгел келіпті. Сонымен, 2018-2020 жылдары қазына қаржысының басым бөлігі әлеуметтік салаға жұмсалмақ. Яғни, бюджеттің 40 пайыздан астамы осы салаға бөлініп, зейнетақы мен жәрдемақы, шәкіртақы жаңа жылдан бастап өседі.

Қазына қаржысына жауапты министр Бақыт Сұлтанов шығыстар мен кірістерді түгелдей тізіп берді.

"Осы блоктың шығыстарының ең ірі көлемі әлеуметтік қамтамасыз ету және еліміздің азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталады. Жоспарланған кезеңде осы бағытқа 8 707,5 млрд. тенге көзделеді", - деді Қаржы министрі.

Депутаттар Көкшетау мен Петропавл, тіпті елордамыз Астанаға газ кіргізуге қаржының неге қарастырылмағанын сұрады. Сағынтаевтың өзі көгілдір отын тартуға триллиондардың қажет екенін айтып, инвесторды іздеудеміз деп ақталды.

Нұртай Сабильянов болса ауыл-аймақтарды ауыз сумен қамтамасыз етуге қаржының аз бөлінгеніне ренжіді.

"Қаржы министрлігі белгілеген лимиттен аспаса халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге 2060 жылға ғана жетеді екен. Оған 43 жыл кетеді екен", - деді Парламенті мәжілісінің депутаты Сабильянов.

Ал ұлттық компанияларға бөлінген миллиардтарға келгенде министрлер жауап таппай сасқалақтай бастады. Мандытып сөйлей алмай отырған шенділердің бірі тіпті спикерден сөз естіп шықты.

Айта кететіні, депутаттар Үкімет мүшелерінен қазынаның әр тиыны қайда жұмсалатынын сұрап бастарын онша қатырғысы келмегендей сыңай танытты. Ал, министрлерге сауал қойғандары міндетті түрде бұл мәселенің елбасының тапсырмасы екенін еске салып отырды.

Спикерден бірнеше мәрте ескерту алып шыққан Бақыт Сұлтанов болса депутаттардың жалақысын көтеруге бюджеттен қанша қаржының бөлінгенін қаумалаған тілшіге түсіндірместен тайып тұрды.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да әкімнің орынбасары пара алып жатқан жерінен ұсталды

Еліміздің дәрігерлері 2019 жылдан бастап қағазбастылықтан арылмақшы

Өзбекстанда киім ұрлаған қызды шешіндіріп жазалағандар елді шошытты (видео)

Әлемдегі барлық миллиардердің дәулеті қанша мемлекеттің жылдық табысына тең?

Ақтөбелік ана баласын дәрігерлердің "сал қылып тастағанын" айтып, күйінді (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1652759-zhalaqysy-taghy-da-koteriletin-deputat.html