RU

Діни сенімі үшін әскери киімнен бас тартқан 18 жастағы тәжік сарбазы сотталып кетті

Тәжікстанның Хатлон облыстық әскери соты елде тыйым салынған "Иегов куәгерлері" діни бірлестігіне еруші сарбазды әскери киім киюден бас тартқаны үшін алты айға соттады деп хабарлайды Centralasian.org.

18 жастағы Даниил Исломов биыл сәуір айында Душанбе қаласынан әскер қатарына қабылданған. Әскери комиссариатта жасөспірім діни сенімі әскери киім киюге рұқсат бермейтінін ескертеді. Соған қарамастан оны Қорғантөбедегі әскери бөлімге әскери борышын өтеуге жіберген.

Хатлон облыстық әскери сотының хабарлауынша, Даниил Исломов "әскери қызметтегі міндеттерін орындаудан бұлтарғаны үшін" ұсталған. Тергеу кезінде Исломов әскер бөлімде болса, үкім шыққан соң оны Қорғантөбедегі қатаң режимдегі колонияға жеткізген. Сотталушының туыстары үкімге шағым түсіруді көздеп отыр.

"Иегово куәгерлері" ілімі әскери әрекеттерге қатысуға тыйым салады. Әскерде қызмет ету ілімді ұстанушыларға рұқсат етілмейді, оларға әскери киім киюге және қару ұстауға болмайды.

Тәжікстанда "Иегово куәгерлері" діни ұйымының қызметіне 2007 жылы күзде тыйым салынған.

Тағы оқыңыздар:

Семіздікпен күресудің ең жылдам тәсілі анықталды

ОҚО-да әкімнің орынбасары пара алып жатқан жерінен ұсталды

Әйтімова адам өмірін құтқармаса да, туризмге қыруар қаржы бөлгендерге шүйлікті

Қазақ-қырғыз шекарасында сегіз шақырымға созылған кептеліс желіде қызу талқыға түсті

Жалақысы тағы да көтерілетін депутаттар қазынаның ақшасы қайда кететініне бас қатырмаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1652814-dini-senimi-ushin-askeri-kiimnen-bas-ta.html