RU

Шымкент әкімі көлік қызметіне жауапты басшының суретін ақыры автобусқа іліп қойған (фото)

Шымкенттің автобустарында ерекше плакаттар пайда болды. Онда қалалық автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаевтың фотосуреті бар.

Бұл туралы Instagram желісіндегі News.Uko парақшасында белгілі болды.

"Қала тұрғындарына арналған сөзінде ол 11 желтоқсанға дейін шаһардағы қоғамдық көлік саласында тәртіп орнатуға көпшілік алдында уәде береді. Яғни, автобустардың қозғалу кестесі мен көліктердегі тазалықтың сақталуы қамтамасыз етіліп, жолаушысы көп бағыттарға қосымша көлік бөлінбек.

Ең бастысы - адамдар енді қаладағы қоғамдық көліктің жұмысына жауапты маманды жақынырақ танитын болады. Соның нәтижесінде жолаушылар көлігінің сапасыз жұмысына кімге шағымдану керегін біледі", - деп жазылған аталған парақшада.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қоғамдық көлік саласына жауапты бөлім басшысының фотосын қалада қатынайтын автобустарға іліп қоюға бел байлағанын жазған болатынбыз.

Тағы оқыңыздар:

Семіздікпен күресудің ең жылдам тәсілі анықталды

ОҚО-да әкімнің орынбасары пара алып жатқан жерінен ұсталды

Әйтімова адам өмірін құтқармаса да, туризмге қыруар қаржы бөлгендерге шүйлікті

Қазақ-қырғыз шекарасында сегіз шақырымға созылған кептеліс желіде қызу талқыға түсті

Жалақысы тағы да көтерілетін депутаттар қазынаның ақшасы қайда кететініне бас қатырмаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1652827-shymkent-akimi-kolik-qyzmetine-zhauapt.html